БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Медициналық қызмет көрсету саласы бойынша өткізілген дөңгелек үстел 12.01.2016
    2016 жылдың 12 қаңтарында Іле аудандық «Нұр Отан» партия филиалы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қол қойылған меморандумға сай тұтынушылардың құқықтарын қорғауда тұрғындарға медициналық қызмет көрсету саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында Іле аудандық «НұрОтан» партия филиалы бірінші орынбасарының төрайымы Абилова Р.М, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары Әбеуова Б.Ж, аудандық прокурор Сарпеков М.Н., Алматы көпсалалы клиникасының басшысы Молдакулов Ж.М., аудандық аурухана басшысы Егембердиева М.А., Садыкова Д.Б., қоғамдық бірлестік «Азаматтық-әлеуметтік негіз «Болашақ» басшысы Нарбекова Т.М., дәрігерлік участоктардың меңгерушілері, жеке медициналық клиника директорлары, қоғамдық мүгедектер өкілі, аудандық қоғамдық кеңес, көпбалалы аналар, БАҚ өкілі. Жүргізілген кеңесте медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – медициналық қызмет көрсету саласындағы қызмет көрсетудің сапасы, дезинфекциялық тәртіптің сақталуына, медицина қызметкерлерінің этика және эстетикасы туралы, педиатрлық қызметте мамандандырылған медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі, аудандық медициналық мекемелерде заманауи медицина құрал-жабдықтары туралы, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті, портал жумысы «Ауруханаға жатқызу бюросы», медициналық қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқықтық негіздері туралы проблемалар талқыланды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауда медициналық қызмет көрсету саласын жақсартуда ұсыныстар шығарылды.