Ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жіті ішек ауруы-1/1, іріңді менингит-1/1. Құрсақішілік пневмония-4/4. Туберкулез жұқпасы -1/0. Ит тістегендер-45/23. Өткен аптамен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккендердің саны 38-ден 45-ке дейін жоғарлаған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны -23. Белгісіз иттерден зардап шеккендер саны- 15 (33,3%). Осы аптада зардап шеккендер: Каз-Цик-6, Байсерке- 5, Өтеген батыр -5, Боралдай кентінен -5, Чапай, Али, Жана дауір-2, Междуреченск, Жетыген, Қоян-құс, Ащыбұлақ ауылдарында бір жағдайдан тіркеліп отыр Барлығына антирабиялық алдын-алу екпе көмегі тағайындалған.
Санитарлық-гигиеналық жағдай
Аудандық ТҚҚБ мамандарымен барлығы тіркелген 4 ошақ тексерілді. Аудандық басқарма мамандарымен барлығы тіркелген ошақ тексерілді. Апта ішінде 40 науқас адамдардан зертханалық тексерілді, 790 шайынды алынды, тағам өнімдерінен – 36 сынама алынды, судан-25 сынама, ауадан-39 сынама, зарарсыздандырудан-225 шайынды алынды, барлық нәтижелері талапқа сай келеді.
Зиянды өндіріс факторларымен байланысты жұмысшылардың міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін 1 мекеменің жұмысшыларының тізімі келісілді. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды актіге 1 ұсыныс берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша жоспардан тыс 3 объект тексеріліліп, 3 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.
|