БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
 Биологиялық активті қоспаларды жарнамалау 05.07.2017

 

      

 Іле аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды
жүзеге асыру тәртібі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 284 бұйрығына сәйкес  жүзеге асырылады.

 Биологиялық активті қоспалар (бұдан әрі - ББҚ) – жарнамасы дәрілік заттармен салыстыруға болмайды, емдік қасиеттерінің болуы туралы мәліметтерді қамтуға болмайды, тұтынушыларды олардың сенімін асыра пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданылуының болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне қатысты жаңылыстырмайды,  мазмұнында жарнамаланатын тағамға биологиялық активті қоспаларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен салыстыру, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтіретін сөздер, бейнелер болмайды.
         Биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру тәртібінде келесідей мәліметтер болуы тиіс, сауда атауы, құрамына кіретін активті құрамдауыштар туралы мәліметтер, қолдануға берілетін негізгі ұсынымдард,  қолдану тәсілі мен дозасы,     негізгі жанама әсерлері; негізгі қарсы айғақтарын,  балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ емізу кезеңіндегі айрықша нұсқаулар,сату шарттары, қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымды
және өндірушінің атауы, мекенжайын және Қазақстан Республикасында наразылықтарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның аты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін, берілген күнін қамтуы тиіс. 

Егер  Сіз, биологиялық активті қоспаларды заңсыз жолмен жарнамалауды байқасаңыз Іле аудандық қоғамдық денсаулық басқармасына келіп жолықсаңыз болады. Жұмыс уақыты күнделікті дүйсенбі-жұма күндері 9:00 ден  18:30 дейін  түскі үзіліс уақыты 13:00 ден 14:30-ға дейін Өтеген батыр  кенті, С.Қолдасов көшесі № 8. Биологиялық активті қоспалар туралы туындаған сұрақтарыңыз болса , 251-77-54 телефон нөміріне немесе электорнды почта арқылы хабарласуға болады.