БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
АҚПАРАТ 04.08.2017

 

      

Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау комитетінің халықтың арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 2 тамызында «Қауіпсіз тағам таңда» акциясын өткізу туралы тапсырмасын  орындау және АОҚДСД 2017 жылғы  31 шілдедегі (2017ж.31.07., №19-7/496-И) бұйрығына сәйкес ақпарат жолдайды.  Іле аудандық ҚДС басқармасы, ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» Іле ауданы бойынша бөлімшесімен бірлесе отырып 2017 жылғы 4 тамызда Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Абай көшесі,23 мекен-жайында орналасқан , ЖК Ахметова Д.С. «Биля» әмбебап базарында  «Қауіпсіз тағам таңда» атты акция жүргізді. Акция кезінде тұтынушыларға жеміс-жидектермен көкөніс өнімдерін нитрат қалдықтарына зертханалық зерттеулер тегін жүргізілді. Барлығы 16 сынама  құрамы нитрат қалдықтарына зерттелді; оның ішінде қарбыз -4/0, қауын-2, қияр -2, қызанақ -1, алма -3, сәбіз-1, кәді-1 және құрамының қышқылдығына зертелді: сүт-1, айран-1. Тексеру нәтижелері бойынша барлық өнімдер санитарлық талаптарға сай және пайдалануға жарамды болды. Сонымен бірге, сатып алушылармен сапасыз тағам өнімдерін сатып алған жағдайда не істеу керектігін, қауіпсіз тағамдарды дұрыс таңдап, осындай акциялар жиі өткізу туралы және тұтынушылардың құқықтарын қорғауы бойынша түсіндіру жұмыстары, т.б. сұрақтар бойынша  әңгіме-кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Акция кезінде тұтынушыларға тағамнан уланудың алдын-алу туралы, мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы, салауатты өмір салтын ұстану жолдары  және өз құқықтарын қорғау мақсатында ақпаратық парақтар, жаднамалар, 9 көрнекі бюллетендер мен материалдар таратылып берілді. (Тұтынушылар бұрыштарында таратылған көрнекі материалдар саны- 6 тақырыпта 30 буклет, үнпарақтар).

 

Іле аудандық ҚДСБ Басшысы                                                        Ә.Б.Смағұлов