БАСТЫ > САЙЛАУ > Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1018 Жарлығы
 

 
 
 
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті
сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
20.01.2016

 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 20 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
 

Төраға                          Қ. Тұрғанқұлов


Хатшы
                        Б. Мелдешов