БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы 10.04.2019

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.

2. Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы                                                                                   Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                   С. Мұстафина

 

Нұр-Сұлтан қаласы,

2019 жылғы 10 сәуір

№ 10/232