БАСТЫ > САЙЛАУ > Алматы облыстық сайлау комиссиясының қаулысы

 
 
 

Алматы облыстық сайлау комиссиясының қаулысы

 
       

Алматы облыстық сайлау комиссиясының қаулысы

2016 жылғы 31 тамыз                  №8                   Талдықорған қаласы

 

Алматы  облысы  мәслихаттарының  шығып  қалған депутаттарының орнына  сайлауын  тағайындау   туралы 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.    Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу:

-   Алматы облыстық мәслихатының № 41 Жетыген сайлау округі;

-   Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының № 10 Қарашенгел сайлау округі;

-   Көксу аудандық мәслихатының № 2 сайлау округі бойынша 2016 жылғы 30 қазанға тағайындалсын.

2.  Қоса беріліп отырған Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 103-бабы 6-тармағына сәйкес шығып қалған депутаттардың орнына депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, сайлау күніне бір ай қалғанда аяқталады (2016 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2016 жылғы 30 қыркүйекте аяқталады).

4.  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104-бабы 8-тармағына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу, сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда аяқталады (2016 жылғы 1 қыркүйекте қаңтарда басталып, 2016 жылғы 5 қазанда аяқталады).

5.  Тиісті сайлау комиссиялары Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеуді және ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз етсін.

6.  Осы қаулы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. 

7.  Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жіберілсін.

 

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы                                       Т.Даутов