2017 жылдың 13 қазанында М.Түймебаев ауылы № 43 орта мектептің мәжіліс залында Ата баба дәстүрі ұрпаққа аманат бағдарламасы аясында «Жарасымды көршілер-сенімді әріптестер» атты аудандық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шарада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі, қол өнер көрмесі қойылып, әр ұлттың ұмыт қалған тағамдары жасалып, дастархан жайылды. Сонымен қатар, Солнышко» балалар үйінің және қарттар үйінің кемтар қарттарының қол өнер көрмесі жұртшылықтың көз айымына айналды.
Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар мен ұлыстар - қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығын ерекше сыйлайды емеспе, осыған орай негізделген -қазақтың «Ерулік» сахыналық көрінісі көпшіліктің көңілінен шықты. Көрініске Ащыбұлақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Кулымбаеваның ұйымдастыруымен округтің ақсақалдары мен әжелері өте ұйымшылдықпен қатысты. Іс-шараға Алматы облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келімсейіт қатысып, ақ батасын берді. Қазақта көрші жайында керемет нақыл сөздер бар. Бабаларымыз «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көршің артық» дегенді текке айтпаған. Іс-шара жоспарына сай көрші тұрған Казцик ауылдық округі ардагерлеріне келесі акцияны өткізу эстафета қоржыны табыс етілді. Бұл акция бүгінгі күнде Іле ауданы бойынша нәтижелі жалғасын табуда.
Ең бастысы аталған іс-шараны өткізу барысында «Көрші тату болса, көше тату болады, көше тату болса ауыл тату болады, ауыл тату болса, қоғам ел тату болатындығы кеңінен насихатталып, ауылымыздың тұтастығы мен ынтымақтастығына үлкен үлес қосылды деп ойлаймыз.






|