«СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ  
 
Етті тұқымның жас төлін өндіру үшін ІҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға АӨК субъектілерін кредиттеу.
Қарыз берудің мақсаты:
1. ІҚМ аналық басы мен асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу.
2. Негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеудің, айналым қаражатын толтырудың жалпы мөлшері қарыз сомасының 15%-нан аспайды.
Әлеуетті қарыз алушылар:
1. Заңды тұлғалар.
2. Шаруа, фермерлік шаруашылықтар.
3. Мал басын көбейтумен айналысатын жеке кәсіпкерлер.
Қарыз мөлшерінің төменгі сомасы – 8 500 000 теңге.*
* Ескерту: 8,5 млн.теңгеге дейінгі қарыздар «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы беріледі.

Сыйақы ставкасы – жылдық 6 %.
Тиімді сыйақы ставкасы – жылдық 6,06 %-дан көп емес (өтеу кестесіне байланысты).
Комиссиясы - жоқ.
Қарыз валютасы – Теңге.
Кредиттеу мерзімі:
1. ІҚМ аналық басын, оның ішінде өндіруші бұқаларды сатып алу – 84 айға дейін.
2. Айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін.
3. Негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу – 84 айға дейін.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеудің жеңілдікті кезеңі:<
1. Айналым қаражатын толтыру бойынша – әрбір трашты берген күннен бастап, 12 айдан артық емес уақытқа.
2. Аналық бас пен асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу бойынша - әрбір трашты берген күннен бастап, 24 айдан артық емес уақытқа.
Негізгі борышты өтеу кестесі – ай сайын/тоқсан сайын/ жарты жылда 1 (бір) рет және жылына 1 (бір) рет, мерзім соңында, кредиттеу мерзімі ішінде ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндігі бар.
Сыйақыны өтеу кестесі – ай сайын/тоқсан сайын/ жарты жылда 1 (бір) рет, кредиттеу мерзімі ішінде ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндігі бар.


Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
• төлем қабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы;
• Өтініш берген мерзімге дейінгі аралықта, салық төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің және соңғы 3 (үш) ай ішіндегі бюджетке тиесілі өзге де міндетті төлемдері бойынша берешегінің болмауы;
• соңғы есеп берген күнге сәйкес (өтініш берген осы айдың ішінде), банктер және өзге де қаржылық институттар алдындағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;
• жағымсыз кредит тарихының болмауы;
• мал бағуға қажетті инфрақұрылымның болуы;
• жем-шөп қорымен қамтамасыз етілуі;
• мал жайылымдарының болуы, оның ішінде бірлескен қызмет келісім-шарты бойынша;
• шаруашылықтағы (ІҚМ болған жағдайда) ветеринарлық-санитарлық жайлылықтың болуы;
• жалпы мал басының (жеке меншік және сатып алынатын) 25%-нан кем емес жеке меншік ІҚМ басының болуы. Жеке меншігінде ІҚМ басы болмаған жағдайда сатып алынатын ІҚМ басының 25%-нан кем емес мөлшеріне ақшалай қаражат есебінен (қарыз алушының өзінің қатысуымен) қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Кредиттеу жобасына қойылатын негізгі талаптар:
• Ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру ережелеріне сәйкес (таңбалау, биркалау және т.б.), ІҚМ сәйкестендіру;
• бәсекеге сай жұмыс жасай алатын, келісім-шарт негізінде, лицензиясы бар, мал дәрігері мамандары есебінен мал дәрігерлік қызмет көрсету;
• мал бөлетін орын (ІҚМ жеке жұмыс жасау үшін қажетті мал қамайтын дәліз) болуы;
• сатып алынатын жас бұқалардың және өндіруші бұқалардың (етті тұқымның 1-классынан төмен емес) асыл тұқымды және мал дәрігерлік куәлігі болуы тиіс;
• 1-класстан төмен емес, етті тұқымды өндіруші бұқалар болмаған жағдайда аналық табынды қолдан ұрықтандыру, келісім шарт негізінде дистрибьютерлік орталықтар әкелген етті тұқымды малдың ұрығымен жүргізілуі тиіс;
• барлық ІҚМ «төлін» (бұқаларды) бордақылау алаңдарына жеткізуді қамтамасыз ету.

Өндірістік көрсеткіштердің орындалуы бойынша мониторинг - қаржыландырғаннан кейінгі бір жылдан соң, 1-ші маусымға дейінгі мерзімде мал төлін қосқандағы мал басының бар екенін растайтын құжаттарды ұсыну.

(Кепілді) қамтамасыз ету түрлері: Корпорацияның кепілдік саясат туралы Ережесінің талаптарына сәйкес, ІҚМ, жылжымалы/жылжымайтын мүліктер.

Қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуіне қойылатын қосымша талаптар (сақтандыру):**
ІҚМ кепілге беру кезінде кепіл мүлкін малдың қырылуынан, аурулардан, эпизоотиядан, кездейсоқ соққы алудан, өрттен, электр қуатының әсерінен, жарылыстан, табиғат апаттарынан (су тасқынынан, бораннан, дауылдан, селден, көктемгі су тасқынынан), үшінші тұлғаның заңға қарсы әрекеттерінен, улы шыбын-шіркей және жануарлардың шағып алуынан, тамақтан уланудан және улы шөптер мен басқа да заттардан уланудан, карантиндік шараларды қолдану салдарынан малдың өлетін жайттарын көздейтін қауіп-қатерден, мал төлдеу кезіндегі малдың қырылуынан, т.б келесі талаптармен жыл сайынғы мүліктік сақтандыруды өткізуге міндетті:
• сақтандыру шығындары қарыз алушы/кепіл беруші есебінен төленеді;
• сақтандыру шарты бойынша пайданы алушы Корпорация (кепіл беруші) болып табылады;
** кепілді қамтамасыз етудің басқа түрлерін сақтандыру Кредиттік комитеттің шешімімен жүргізіледі.