БАСТЫ > МӘСЛИХАТ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы 25.12.2017

ЖОБА

 

 

 

Іле ауданының 2018-2020

жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және      3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 84 318 375 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 70 012 398 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 140 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 14 166 208 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 11 788 285 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 2 377 923 мың теңге;

2) шығындар 84 318 375 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 105 489 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 127 470 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 21 981 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (−)105 258 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                               105 258 мың теңге.

2. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте 59 742 506 мың теңге сомасында облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көзделсін.

3. Ауданның жергілікті атқарушы органның 2017 жылға арналған резерві 28 480 мың теңге сомасында бекітілсін.

4. 2018  жылға  арналған  аудандық  бюджетте  жергілікті  өзін-өзі  басқару

органдарына 4-қосымшаға сәйкес, 1 588 977 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.

Ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

5. 2018 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі                             5-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

7. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Іле аудандық мәслихатының  сессия төрайымы

 

      Іле аудандық мәслихатының

      хатшысы

 ______________ М. Егембердиева      

   ______________ Р. Абилова