БАСТЫ >

 
 
 
Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
«Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 36-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
18.02.2019

ЖОБА

 

 

 

Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
«Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 36-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы       23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының       1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 36-169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5011 тіркелген, 2019 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

11) кiрiстер 128 043 514 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 112 643 865 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 44 500 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 827 780 мың теңге;                                                                              

трансферттер  түсiмі 14 527 369 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер                   730 907 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік алып қоюлар 730 907  мың теңге;

мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 13 796 462 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 7 543 701 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 6 252 761 мың теңге;

2)  шығындар 127 493 518 мың теңге;

3)  таза бюджеттiк кредиттеу 111 923 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 151 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 39 577 мың теңге;

4)  қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) 434 073 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)                               (-) 434 073 мың теңге.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешiм 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

Іле аудандық мәслихатының  сессия төрағасы

 

 

     Іле аудандық мәслихатының

            хатшысы