БАСТЫ >

 
 
 
ЖОБА Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
«Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 36-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
17.04.2019

ЖОБА

 

 

Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
«Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 36-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 36-169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5011 тіркелген, 2019 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағын жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 126 329 906 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 115 513 545 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 44 500 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 827 780 мың теңге;
трансферттер түсiмі 9 9 44 081 мың теңге, оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 730 907 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік алып қоюлар 730 907 мың теңге;
мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 9 213 174 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 6 360 402 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 2 852 772 мың теңге;
2) шығындар 126 146 422 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 111 923 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 151 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 39 577 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 2 928 437 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) (-) 2 928 437 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін
4. Осы шешiм 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.
 

 

Іле аудандық мәслихатының      сессия төрағасы

 

Іле аудандық мәслихатының

хатшысы