БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар | ![]() |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты келесіні назарларыңызға жеткізеді. 1. Корпоративтік табыс салығы бойынша 1.1 Салық кодексінің 147-бабына енгізілген өзгертулермен ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар танылады, демек осындай субсиялар түріндегі табыстар 10 % ставкамен салықтандырылуға жатады. Аталған норма 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 1.2 Заңмен Салық кодексінің 79-бабын алып тастау және ұзақ мерзімді келісімшарттарды салықтандыру тәртібін Салық кодексінің төртінші бөлімі «Корпоративтік табыс салығына» көшіру қарастырылған. Осылайша, іс жүзіндегі әдіспен ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі бойынша есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған) табыс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес сомада танылатыны туралы ережелер сақталған. Сонымен бірге, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап егер алдыңғы салық кезеңдеріндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша салық салу мақсаттары үшін табыстың жалпы сомасы бухгалтердік есепте анықталған осындай келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасынан асатын болса, іс жүзіндегі әдісті қолданатын салық төлеушілер салық салу мақсаттары үшін есепті кезең үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысын салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасынан кем емес мөлшерге дейін осындай асатын сомаға кемітуге құқығы бар. Осылайша, іс жүзіндегі әдісті қолданатын салық төлеушілерге ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінің соңғы жылында егер ұзақ мерзімді келісімшарт іс жүзінде шығын әкелген болса, табысты кеміту жағынан түзету жүргізуге мүмкіндік берілген. Аяқтау мерзімі бойынша қолдануды оңайлату үшін ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесін анықтаудың формуласы енгізілген. 1.3 Заңмен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын салықтандыру бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін нормалар енгізілді. Осылайша, сақтандыру ұйымдары еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервтері, болмаған залалдар резервтері, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервтері бойынша шығыстар шегерімін жүзеге асыратыны нақтыланған. Одан басқа, еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері бойынша табыс пен шегерімді тану тәртібі анықталған. Сондай-ақ, көшу ережелерін белгілеу мақсаттарында: 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары мен шегерімдері түріндегі табыстарды анықтау; 2012 жылғы 1 қаңтардағы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының белгіленген активтерінің бірінші құнын анықтау тәртібі қарастырылған. 1.4 Заңмен Салық кодексінің 119-бабының 14-тармағына өзгерістер енгізілген, бұл өзгерістерге сәйкес маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтерін пайдалану уақытша тоқтатылған кезде, кіші топтардың құндық балансының кемітілуі жүргізілмейді. Бұл ретте, маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтеріне анықтама берілген, атап айтсақ мұндай активтер ретінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады: мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды; күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады; есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер. 1.5 Заңмен Салық кодексінің 123-бабының 5-тармағына 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін түзету қарастырылған, оған сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиясының ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қоюымен қатар преференцияларды қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі сондай-ақ қабылдау комиссиясының құрылыс жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі кезінде ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қоюы да танылады. 1.6 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 133-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері қаржылық лизинг шарттары бойынша тұрақсыздық айыбына (айыппұл, өсімпұл) қолданылмайды. Өз кезегінде, Салық кодексінің 12-бабының 1-тармағы 39) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдер сыйақыға жатқызылмайды, сәйкесінше мұндай төлемдерге лизинг берушінің өз салық салынатын табысын кеміту құқығы қолданылмайды. 2. Қосылған құн салығы бойынша (бұдан әрі - ҚҚС) 2.1 Салық кодексінің 237-бабына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнін анықтауды қарастыратын өзгерістер енгізілді. Осылайша, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні тауарды беру (түсіру) уақыты бойынша, ал басқа жағдайларды осындай тауарды беру фактісін растайтын құжат бойынша анықталады. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу бойынша, сондай-ақ ҚР-да ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын және филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асырмайтын резидент еместерден жұмыстар, көрсетілетін қызметтер алынған жағдайда, айналым жасау күні ретінде орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген күні танылады. Сонымен қатар, осы бап жекелеген қызмет көрсету (кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша, мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беру, банк операциялары) кезінде қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазып берілген күн немесе әрбiр төлем (есеп айырысу түріне қарамастан) алынған күн не бухгалтерлік есепте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету танылған күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылатынын анықтайтын Салық кодексінің 237-бабы жүзеге асырылуы кезінде құжаттар ҚР теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылатынын қарастыратын тармақпен толықтырылған. Бұл ретте, аталған құжаттарда бірнеше күдер көрсетілген жағдайда қол қойылған күн ретінде неғұрлым кешірек күні танылады. 2.2 Салық кодексінің 238-бабы заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдерді жеке тұлғаға өткізген кезде өткізу бойынша айналым автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде салық салынатын айналым мөлшерін айқындайтын жаңа тармақпен толықтырылған. 2.3 Салық кодексінің 253-бабына дербес білім беру ұйымының Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына кітапхана қорын, оның ішінде электрондық түрде уақытша пайдалануға беруі жөніндегі қызмет көрсетулерді ҚҚС-нан босатуды қарастыратын өзгерістер енгізілді. 2.4 255-бап Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылатынын қарастыратын жаңа 13) тармақшамен толықтырылды. 2.5 Салық кодексінің 256-бабы егер салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу Салық кодексінің 100-бабының 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған сома мөлшеріне азайтылуға жататынын қарастыратын жаңа тармақпен толықтырылды. Бұл ретте, Салық кодексінің 256-бабының осы тармағында көрсетілген талаптарды орындау мақсатында Салық кодексінің 68-бабына ҚҚС бойынша таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуін қарастыратын өзгерістер енгізілді. 2.6 Салық кодексінің 259-бабына міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді талаптар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомаларын түзету егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме ҚҚС төлеуші - өнiм берушi банкрот деп танылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, және түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiлетінін қарастыратын нақтылаулар енгізілді. 2.7 ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетімен «экспорт» кедендік рәсімі бойынша электрондық декларациялауды енгізу қарастырылуда. Электрондық декларациялау рәсімі тауарларды электронды түрде декларациялау мүмкіндігін береді, бұл Кедендік одақтың кедендік шекарасын кесіп өту фактісін растауы жөнінде салық органының кедендік органға қағаз жүзінде сұрау жолдау қажеттілігін жояды. Осыған орай, Салық кодексінің 243, 244, 244-2, 244-3, 276-13, 288-баптарына тауар экспортын растайтын құжаттардың бірі ретінде электронды құжат түріндегі декларацияны қолдану туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2.8 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заңының (бұдан әрі - қолданысқа енгізу туралы заң) 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жиналған есептелген салық сомасынан асып түсетін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының бюджетпен қарым-қатынасы тәртібін реттейтін 25-бабы күшін жойды, сондай-ақ қолданысқа енгізу туралы заңның ҚҚС асып түскен сомасының қайтарылу тәртібін ҚР Үкіметімен анықталатынын қарастырған 35-бабы күшін жойды. Бұл ретте, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС асып түскен сомасының қайтарылу тәртібін ҚР Үкіметімен бекітілетіні туралы норма Салық кодексінің 272-бабының 5-тармағымен қарастырылды. 3. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Салық кодексінің 156 және 357-баптарына енгізілген өзгерістермен 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі табыстар жеке табыс салығымен және әлеуметтік салықпен салықтандырылудан босату қарастырылған.
4. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша Салықтық әкімшіліктендіруді жақсарту мақсатында Заңмен Салық кодексінің 151-5 және 151-7-баптарына Экономикалық қызметтің жалпы жіктегішінде қарастырылған қызмет түрлері негізінде, Салық кодексінде көрсетілген қызмет түрлерін құрылымдауды қарастыратын түзетулер енгізілді. Одан басқа, Салық кодексінің 151-3-бабының 1-тармағы негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру бойынша қызмет түрімен толықтырылған. 5. Халықаралық салық салу бойынша Салық кодексінің 192-бабының 6) және 7) тармақшаларына қарызды талап ету құқығынан шегінуден табыс анықтау тәртібін нақтылау мақсатында өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес, талап құқығын берген салық төлеуші үшін осындау табыстар мөлшері шегінген талап құқығының құны мен салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап құқығынан шегіну күніне борышқордан алуға тиісті талап құнының арасындағы оң айырмасы түрінде анықталады. Талап құқығын алған салық төлеуші үшін осындай табыс мөлшері талап құқығынан шегіну күніне негізгі қарыздан асып түскен соманы қоса алғанда негізгі қарызды талап ету бойынша борышқордан алынатын сомасы мен талап құқығын алу құнының оң айырмасы түрінде анықталады. 6 . Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша 6.1 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің төленуі бойынша даулы мәселелелерді болдырмау мақсатында: Салық кодексінің 12-бабына «құпиялылық туралы келісім» ұғымын нақтылайтын 21-1) тармақшасы енгізілді, оған сәйкес құпиялылық туралы келісім геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз болған, жер қойнауын пайдаланушы мен уәкілетті орган арасындағы кез-келген шартты (келісімді) білдіреді. Бұл ретте, мұндай шартқа (келісімге) құпиялылық туралы келісіммен (шартпен) қатар ақапаратты алу туралы шарт (келісім) та жатқызылатыны нақтыланған. Бұл ұғым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді; «өндіру кезеңі» анықтамасының болмауына сәйкес және Салық кодексінің 44-бөлімімен сәйкестендіру мақсатында Салық кодексінің 328-бабының 1-тармағында «кезеңнің» сөзі алынып тасталды, сәйкесінше, тарихи шығындарды төлеу бойынша міндеттеме коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап пайда болады. 6.2 «Коммерциялық өндіру» анықтамасының болмауына сәйкес Салық кодексінің 308-бабының 3-тармағының үшінші бөлігінде «коммерциялық» сөзі алынып тасталды, демек, өндірілуі жер қойнауын пайдалану шарттарында қарастырылмаған, бірақ олардың қоры уәкілетті органмен бекітілген пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленуін Салық кодексінде белгіленген тәртіпте жүргізуге міндетті. Бұл норма 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. 6.3 Салық кодексінің 315-бабында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде төленетіні туралы қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi нақтыланды. 6.4 Салық кодексінің 332 және 334-баптарында мынадай өзгерістер енгізілді: өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ ұғымы нақтыланды; өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ ұғымына, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде мұнайгаз аумақтарындағы қабаттық қысымын қолдау мақсаттарында жер қойнауына кері айдау үшін қолданылған табиғи газ да жатқызылады; ҚР-ның ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ ұғымы енгізілді. Сәйкесінше, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың салықтандыру объектісі жоғарыда көрсетілген газ мөлшері бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, 20 пайызға ұлғайтылған өнім бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құнынан анықталады. Бұл норма 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. 7. Мұнай өңдеу зауыттарын салықтандыру бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, сондай-ақ одан кейінгі кезеңде алыс-беріс шикізатынан өндірген бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды беру кезінде салықтандыру тәртібін заңнамалық реттеу мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына және «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына келесі өзгерістер енгізілді. Осылайша, Салық кодексінің 84-бабының 2-тармағына бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы салық салу мақсатында табыс ретінде қарастырылмайтынын реттейтін өзгерістер енгізілді. Салық кодексінің 238-бабының 7-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде Салық кодексінің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді. Салық кодексінің 280-бабында алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармайды беру кезінде акциз сомасын есептеу мақсатында ставкасы анықталды. Салық кодексінің 283-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизельдік жанармай бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтейтіні анықталған. Бұл нормалар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 2009 жылғы дейінгі кезеңде корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығын есептеуді қарастыратын ұқсас өзгерістер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілді. 8. Акциздер бойынша 2014 жылдан бастап күшті алкогольды өнімдерге акциздер ставкасын екі есеге ұлғайтып, 100 %-дық спирттың литры үшін 1000 теңгеге дейін, 2016 жылға дейін 1600 теңге деңгейіне дейін жеткізу, ал темекі өнімдеріне (фильтрлы және фильтрсыз) 1000 данасы үшін 3000 теңгеге дейін ұлғайту және 2016 жылға дейін 5000 теңге деңгейіне дейін жеткізу жеткізу қарастырылған. 9. Арнаулы салық режимдері (АСР) бойынша 9.1 Салық кодексінің 428-бабының 2-тармағына 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей салық салу тәртібіне көшкен жағдайда, жалпыға бірдей салық салу тәртібін күнтізбелік бір жыл қолданғаннан кейін арнаулы салық режиміне көшуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. 9.2 Салық кодексінің 451-бабының 2-тармағына корпоративтік табыс салығының сомасын азайту сондай-ақ: 1) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде; 2) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылатынын көздейтін өзгерістер енгізілді. Бұл нормалар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. 9.3 Заңды тұлғалармен арнаулы салық режимін қолдану үшін шектеу қарастыратын Салық кодексінің 448-бабының 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды. 10. Мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша 10.1 Мүлік салығы бойынша Астана және Алматы қалалары бойынша тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны 30,0 мың теңгенеден 60,0мың теңгеге дейін өсіп екі есеге ұлғайтылды, облыс орталықтары бойынша да 18,0мың теңгеден 36,0мың теңгеге дейін екі есеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығының салық базасын анықтау барысында ставкалар шкаласы қайта қаралды. 10.2 Салық кодексінің 387-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес түрлі объектілер салуға арналған, тұрғын жай салуға арналған жер учаскелерін қоса алғанда, және пайдаланылмайтын жер учаскелері он есе ұлғайтылған ставкамен салықтандырылатын болады. Бұл ретте, тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді. Салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады. Атап өту керек, жер салығының базалық ставкаларын он есеге ұлғайту бойынша салық міндеттемесі осы норманың қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жылдық мерзім өткен соң, яғни 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болады. 10.3 Көлік құралдарына салынатын салық бойынша негізгі толықтырулар Салық кодексінің 365 және 367-баптарына тиесілі. Осылайша, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер бойынша жеңілдіктер алынып тасталады. Одан басқа, ҚР-да 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ҚР-ның аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салық ставкасын өзгерту қарастырылған. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай жеңіл автомобильдер қозғалтқыш көлемі 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда - 35 АЕК, 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда – 46 АЕК, 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда – 66 АЕК, 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда – 130 АЕК, 5 000-нан жоғары – 200 АЕК ставкасымен салықтандырылады. Бұл ретте, қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады. 11. Төлемақылар, алымдар және басқа да төлемдер бойынша 11.1 Аукционнан алынатын алым бойынша декларация тапсыру мерзімі айдан тоқсанға өзгертілді. 11.2 Салық кодексінің 495-бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес, көң, құс саңғырығы ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарының санатына жатқызылып, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тоннасы 0,009 АЕК-пен салықтандырылады. 11.3 Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тәртібі нақтыланып, бұл норма 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 11.4 Сондай-ақ, Салық кодексінің 528, 530-баптарына сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес енгізілді, осыған сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырылған жарнамалар үшін төлемақыны қоспағанда) жергілікті атқарушы органдардың арнайы шотына есептелетін болады. Бұл ретте, аталған төлемақы бойынша мәліметтерді салық органдарына автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы тапсырмай, оның орнына Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор тапсырады. 12. Салық есептілігі нысандары бойынша 12.1 Салық кодексінің 69-бабының 2-тармағына енгізілген толықтыруларға сәйкес, жою әдісімен Салық кодексінің 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып және қуынымның ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі 12.2 Одан басқа, Салық кодексінің 584-бабының 5-тармағына енгізілген толықтыруларға сәйкес, салық есептілігі егер: салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты Салық Кодексінің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса (бұл норма 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі); салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты осы Кодекстің 270-бабы 2-тармағының талаптары бұзылса (егер қосылған құн салығының төлеушісі салық кезеңінде шот-фактураларды тек электронды түрде берген жағдайларды қоспағанда), салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі. Бұл норма 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Осылайша, аталған салық заңнамасының талаптарын бұза отырып тапсырылған аталған салық есептілігі табыс етілмеген деп есептеледі және жою әдісімен кері қайтарып алынады. Сондай-ақ, осы бап 4-1-тармағымен толықтырылып, салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізілетінін белгілейді. Осыған орай, Салық Кодексінің 584-бабының 5-тармағының 7) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, салық есептілігі нысанының электронды түрдегі құрылымында аталған пішімді-логикалық бақылау талаптары бұзылған жағдайда, салық есептілігі табыс етілмеген деп есептеледі. Бұл норма 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 12.3 Салық Кодексінің 72-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту хабарламалық сипатта болады, яғни салық төлеуші салық өтінішінің орнына салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тапсырады. Салық Кодексінің 71-бабына ұқсас өзгерістер енгізіліп, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің рұқсат беру сипатындағы табыс ету мерзімін ұзарту туралы салық өтінішінің орнына хабарламалық тәртіп енгізілді. Бұл ретте, салық төлеуші өзі тіркеу орны бойынша салық органына осындай салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарлайды. 13. Салықтық әкімшілендіру бойынша 13.1 Сәйкес мемлекеттік органдардың мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы соттарға қуынымдар беруге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, сондай-ақ арнайы заңнамалық актілермен белгіленеді. Осыған орай, салық қызметі органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Салық кодексінің 19-бабына салық қызметі органдарына мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы соттарға қуынымдар беруге құқықтары үлестірілген өзгерістер (толықтырулар) енгізілді. Салық кодексінің 19-бабына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулармен қатар, сондай-ақ Салық кодексінің 115 және 257-баптарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілді. Осыған орай, соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша шығындар КТС есептеу кезінде шегерімге жатқызылмайды және ҚҚС сомасын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды. 13.2 ҚР заңнамасы нормаларының түрліше түсіндірілуін болдырмау мақсатында Салық кодексінің 557-бабына салық қызметі органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қарым-қатынасы бөлігінде толықтырулар енгізілді. Салық құпиясына рұқсат алған мемлекеттік органдардың тізбесі кеңейтілді. ҚР-ның заңнамасында белгiленген өкiлеттiктердi жүзеге асыру үшiн монополияға қарсы органға салық құпиясын құрайтын мәлiметтерді бойынша аталған өзара қарым-қатынас барысында берілетін мәліметтер тізбесін нақтылау үшін өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға (ҚР Өңірлік даму министрлігі) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу үшін салық құпиясын құрайтын мәліметтер беріледі. Салық кодексінің 24-бабымен қарастырылған өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру барысында, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру мақсатында - кеден ісі саласындағы уәкілетті органға беріледі. «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін жүзеге асыру және ендірілуіне байланысты шот-фактураларға қажетті тіркеу және басқа да деректерін - республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органға (ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті) береді. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар ведомстволық бұйрықпен салық құпиясына рұқсаты бар лауазымды тұлғаның тізбесін айқындауы қажет. 13.3 Салықтық әкімшілендіруді оңайлату, сондай-ақ салық төлеушілер тарапынан келеңсіздіктері болдырмау мақсатында Салық кодексінің 587-бабының 1-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар тәуекелдерді бақылау жүйесінің (бұдан әрі-ТБЖ) қолданылуымен сараланатын болады. Бірыңғай ТБЖ-нің көмегімен бұзушылықтардың сипаты мен мөлшеріне қарай салық төлеушілер 3 топқа бөлінеді: 1-топ - тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар анықталған салық төлеушілер – қолданыстағы тәртіпке сәйкес оларға хабарламалар жолданады; 2-топ - тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар анықталған салық төлеушілер – салық төлеушілер тарапынан міндетті жауап қайтаруды талап етпейтін, анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiлген хабарлама ресiмделедi; 3-топ - тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтар анықталған салық төлеушілер - оларға хабарламалар жолданбайды. 13.4 Салық тексеруінің нәтижесіне шағымдану бөлігінде жоғары тұрған салық органына және уәкілетті органға шағым беру мерзімін есептеуді реттейтін нақтылаушы түзетулер енгізілді. 13.5 Салық кодексінің 625-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының 13-бабына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті органның бекітетін критерийлерді қоспағанда, тәуекел деңгейін бағалау критерийлерінің құпиялылығын қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңмен Салық кодексінің 627-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес хронометраждық зерттеп-тексерулер мен жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық (рейдтік) тексерулер, сондай-ақ салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша аумақтық салық органының шешімі негізінде де жүзеге асырылады. 13.6 «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР-ның Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар трансферттік баға белгілеу барысында бақылау тетігін одан әрі жетілдіру және оны халықаралық тәжірибелік саудаға сәйкестендіру қажеттілігімен туындады. Осыған орай, Заңға: «қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдарлар - экономикалық салдарлар» ұғымы енгізілді; «белгіленім кезеңі» ұғымына толықтырулар енгізілді, себебі бұған дейін қолданымда болған «белгіленім кезеңі» ұғымына сәйкес егер тауарды 31 күннен тұратын айлардың бірінде өткізген болса, күндер санын көрсете отырып толықтай күнтізбелік айды пайдалану мүмкіндігі жоқ; «белгіленім күні» ұғымы енгізілді, себебі демалыс және мейрам күндерінде нарықтық бағалар туралы мәлімет ақпарат көздерімен жарияланбайды; ҚР Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы ұсыныстарды жолдау бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың құзыры мен өкілеттілігі айқындалды; белгіленім кезеңі уақытының аралығы ұзартылды. 13.7 Салық кодексінің 599-бабына салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын есепке жатқызу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Аталған норма салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы болған жағдайда есепке жатқызуға салық төлеушінің өтінішісіз басқа салықтар, төлемақылар, алым бойынша бересіні есебіне есепке жатқызу мүмкіндігін береді. Бұл норма 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 13.8 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі ҚР-ның Заңымен ҚР-ның ішкі істер органдарының құзырынан мөрлік-оймалық кәсіпорындарды ашу және қызмет етуге рұқсат беру құқығы алынып тасталғандықтан, Салық кодексінің 41, 42, 43-баптарына дара кәсіпкердің мөрді (бар болған жағдайда) жою туралы құжатқа қатысты нақтылаушы түзетулер енгізілді. 13.9 Салық кодексінің 558-бабының 3-тармағына салықтық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша оның орналасқан жерiнде болмауы анықталған барлық салық төлеушілерге қатысты ақпаратты орналастыру туралы толықтырулар енгізілді. Бұған дейін аталған норма тек ҚҚС төлеушілері ретінде тіркелген салық төлеушілерге қатысты ғана қолданылған. Бұл ретте, 3-тармаққа енгізілген толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында 558-баптың 4-тармағының екінші абзацы алынып тасталды. 13.10 577-баптың 2,3-баптарына енгізілген толықтыруларға сәйкес, салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жерi бойынша не тұрғылықты тұратын жерi бойынша салық органына салық төлеушінің өз еркі бойынша тіркеу есебіне тұру туралы салық өтінішін беру құқығы қарастырылған. Аталған норма салық төлеушінің қайта тіркелу рәсімін оңайлату мақсатында енгізілген және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Тұрғылықты тұратын жерi бойынша немесе салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жерi бойынша салық төлеушінің еркі бойынша тіркеу есебіне қою тәртібі аумақтық салық департаменттерінің назарына бөлек хатпен жеткізілетін болады. 13.11 ҚР Ұлттық банкінің бастамасымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуына байланысты 581-баптың 1) тармақшасына енгізілген толықтырулармен банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық органына хабарлайтын банктік шоттар тізбесі кеңейтілді. 13.12 Салық кодексінің 608-бабының 6-тармағы салық төлеушінің орналасқан (орналаспаған) жерін растау туралы хабарламаны тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуді қарастыратын нормамен толықтырылды, осыған сәйкес орналасқан жері бойынша нақты жоқ болған салық төлеушілерді есептен шығару бойынша шараларды уақытылы қолдануға мүмкіндік берілді. 13.13 «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 73-бабының 1-тармағының және «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 69-бабының 3-2-тармағының қолданыстағы редакциясына сәйкестендіру мақсатында Салық кодексінің 609-бабының 3-1-тармағының 3) тармақшасына және 614-баптың 4) тармақшасына енгізілген өзгерістермен банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің және салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру шараларының қолданылмауы қарастырылған. 13.14 645-баптың 1-тармағына енгізілген түзетулермен патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданумен қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері – 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде, сондай-ақ ашық сауда нарықтары аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері - 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі - БКМ) қолданудан босатылады. Одан басқа, бензинді (авиациалық бензиннен басқа) көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты ақшалай есеп-айырысулар туралы ақпаратты оперативті режимде салық органдарына берілуін қамтамасыз ететін БКМ-ын қолданысқа енгізу мерзімі 2014 жылғы 1 шілдесіне дейін ұзартылған. 13.15 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 8-тармағына енгізілген өзгерістермен салық органдары осы Заңның 2-бабының талаптарына сәйкес келетін салық төушілерді мәжбүрлеп тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін сотқа талап арыздар беру мерзімі 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. 13.16 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 28-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары толық емес және (немесе) кешіктіріп аударылған жағдайда агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру оның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрумен бір уақытта жүргізіледі. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» ҚР Заңының 17-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес әлеуметтік аударымдар толық емес және (немесе) кешіктіріп аударылған жағдайда төлеушінің банктік шоттары бойынша, сондай-ақ оның касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бір уақытта жүргізіледі. 13.18 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістермен арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін POS-терминалдарын орнату бойынша норманың қолданысқа енгізілу мерзімі 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Одан басқа, Заңмен бірқатар заңнамалық актілерге, атап айтқанда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына, «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына, «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына, «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» ҚР Заңына, «Жарнама туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңына, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» ҚР Заңына, «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңына, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР Заңына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
|
||||
![]() |