БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ  
 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің
Алматы облысы бойынша салық департаментінің Іле ауданы бойынша
салық басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1.«Іле ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - Басқарма) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинактаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының есептелуін, ұсталуын және аударылуын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың есептелуін және төленуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы облысы бойынша салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазакстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылатан мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген улгіде бланкілерері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі казынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма Қазақстан Республикасы Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын аумақтық бөлімше.
5.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма бастығы немесе оның орнын ауыстыратын тұлғалардың бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.
7. Басқарманың құрылымын Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Басқарманың заңды мекен-жайы: 040700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 9а
9. Басқарманың толық атауы –«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы облысы бойынша салық департаментінің Іле ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманы қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың қызметі болып табылатын міндеттерін орындау шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Алматы облысы бойынша салык Департаментінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
мемлекет мүдделерін қорғау;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы »Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіпте салық төлеушінің салық міндеттемелерін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндеттерді орындауына бақылау;
әлеуметтік аударымдардың толық есептелуін және уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы есептелуін, ұсталуын және аударылуын бақылау;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бакылау жене талдау;
салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;
салық төлеушілерге(салық агенттеріне) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін,белгіленген салықтық өтініштер нысандарының бланкілерін және (немесе)салық есептілігі мен өтінішті электронды түрде табыс ету үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
өз құзыреті шегінде Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімде салықтың,бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын,есепке жатқызылған қосымша құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу және(немесе)қайтару,айыппұлды қайтару;
салық төлеушілерді,салық салу объектілерін және (немесе)салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
есептелген, оса есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу;
есептелген,ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын,есептелген және ұсталған әлеуметтік аударымдарды есепке алу;
бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;
өз құзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттк органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексерістер жүрізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Қазақстан Республикасыньң ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;
халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасыньң тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасыньң нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;
Салық кодексіне сәйкес салық міндеттемелерінің орындалуын және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін мәжбүрлі тәртіпте өндіріп алуды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша Салық кодексінің белгіленген тәртіппен және мерзімде берілетін анықтама түрлері мынадай:
салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған(төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беру;
Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдау;
салық төлеушіден (Салық агентінен)Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап ету және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылау;
салық төлеушілерге салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіру және түсінік беру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
салық заңнамасыньң орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара ic-әрекет жасасу;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылау;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарының сақталуына, есепке алынуына және берілуіне бақылау;
өз құзыреті шегінде мұнай өнімдері нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасыньң мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардьң айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуін бакылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырлған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның, Қазақстан Республикасыньң заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуін, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаньң толық және уақтылы түсуін бақылау;
өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы саласында Қазакстан Республикасыньң лицензиялау туралы заңнамасыньң сақталуын бақылау;
халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру және салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы келісімдермен көзделген жағдайларда ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшіліктендіру;
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүрізу және оларды әкімшілендіру;
ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.
14. Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде Басқарма:
салық бақылауын жүзеге асыруға;
заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарманың функцияларын iске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен беліленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына, акшасының, кұнды қағаздарының бар, жоқтығына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүрізуге;
салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе)ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және(немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші(салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;
салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе)салық салуға байланысты объекті болып табылатын мүлікті тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан Салық кодексінің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;
банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, Салық кодексінің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылауды жүзеге асыруға;
акцизделетін өнімдерді сақтауды және олардьң айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымынан акциздердің толық және уақтылы түсуі бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;
салықтық тексеруге мамандарды тартуға;
Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
Салық кодексінде белгіленген тәртіпте төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы не қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
арнаулы салық режимін қолдану туралы не қолданудан бас тарту туралы, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1),2)және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы талап-арыз беруге;
Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша тексеру жүргізуге өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге;
жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолдануға;
қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;
кадрлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуге құқылы.
Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

3. Басқарма мүлкі
15. Басқарма оқшауланған мүлкін жедел басқаруға құқылы.
Басқармаға бекітілген мулік республика меншігіне жатады, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Басқарма теңгермесінде көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.
16. Басқарма оған бекітілген мүлікті өздігінше иеліктен айыруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
17. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы бepілуі мүмкін.

4. Басқарма қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы облысы бойынша Салық департаментіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысты емес.
19.Басқарманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы облысы бойынша Салық департаменті Бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы
қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады.
Басқарма бастығының бip орынбасары бар, қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Бастығы.
20. Басқарма Бастығы Басқарманың жұмыстарын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап береді.
21. Басқарма Бастығы:
өзінің орынбасарының және Басқарманың құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттігін айқындайды;
Басқарма бастығының орынбасарынан басқа, заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Басқарма бастығының орынбасарынын басқа, заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді;
заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
Басқарма бастығының орынбасарынан басқа, Басқарма қызметкерлерін еңбек демалысына жіберу мәселелерін шешеді;
Басқарманың құқықтық актілеріне қол қояды;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы облысы бойынша Салық департаментіне берілетін есептіліктің дұрыстығына жеке жауап береді;
Басқарманы барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда таныстырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Басқарма бастығы жоқ болған уакытта оның міндетін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы тағайындайтын орынбасары атқарады.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.