БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекітуі туралы 28.07.2017

    

     

Құрметті  салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылғы 11 мамырда ресми жарияланған және 2017 жылғы 22 мамырда заңды күшіне енетін  «Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысын қабылдағанын хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген қаулымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  (Салық кодексі) 53-бабының 2-тармағына және 618-бабына енгізілген түзетулерді іске асыру мақсатында Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.

Сонымен қоса, Қағидаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, олардың негізгілері болып келесілер табылады:

1) электронды аукцион өткізу тәртібінің жеңілдетілуі, атап айтқанда сауданы ағылшын немесе голландық әдіспен өткізу тәртібінен, сауданың ең төменгі бағадан (лоттың бастапқы бағасының 65%) басталып, ықтимал сатып алушының лотты сатып алуға білдірген әр растауы кезінде лоттың құны артатын тәртіпке ауысуы, бұл лоттың бастапқы құнын белгілеу негізінде ықтимал сатып алушылардың санын арттыруға мүмкіндік береді;

            2) сатып алушылардың кең ауқымын тарту және мүлікті өткізу үшін бірыңғай сауда алаңын қолдану мақсатында (бүгінгі күні банкрот деп танылған салық төлеушілердің мүліктік массасын сату үшін қолданылады) мүліктің өткізіуі жүзеге асырылатын электрондық сауда алаңының («Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ) өзгеруі;

            3) бірдей және (немесе) біртекті заттар бойынша бағалау есебі болған жағдайда мүлікті бағалауды жүргізбеу арқылы шығыстарды азайтуға бағытталған, ережелер қарастырылған;

            4) мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті заңды тұлғаның («Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ОАБК АҚ) өзара    қарым-қатынастарын, соның ішінде мұндай өзара қарым-қатынасты жеделдетуді қамтамасыз ету мақсатында құжаттарды, мәліметтерді электронды түрде жолдау/қабылдаудың мерзімдері мен тәртібі реттеліп нақтыланған. 

            Сонымен қатар, Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келісімшарт және (немесе) мемлекеттік кірістер органының қаулысына сәйкес салық берешегі есебіне, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өндіріп алу жүзеге асырылатын кепілге салған және (немесе) билік етуі шектелген мүлкін (бұдан әрі – мүлік) өткізу мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында gosreestr.kz (бұдан әрі – веб-портал) электрондық аукционда жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

            Бұл ретте Қағидалардың 6-тармағына сәйкес салық төлеуші салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған және (немесе) салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде МКО:

1)        салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан кезде:

-       салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулының;

-       мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің;

-       мүлiктің тізімдеме актісінің;

-       мұндай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын  растайтын құжаттардың, баланстың (олар бар болса);

-       міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке ауыртпалықтардың бар немесе жоқ екені туралы мәліметтердің;

2)   салық төлеуші (салық агенті) салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған кезде:

-       мүлік кепілі туралы шарттың;

-       кепілге салынған мүліктің нарықтық бағасы туралы бағалаушы есебінің электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, борышкер және оның мүлкі туралы мәліметтерді (ЖСН/БСН; заңды мекенжайы және орналасқан жері, банктік деректемелер) дерекқорға енгізеді.

Осыған байланысты, дерекқорға борышкер бойынша мәліметті енгізу үшін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-на (бұдан әрі – АЕО АҚ) осы хатқа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталға қатынау туралы өтінім жолдау қажеттігін хабарлаймыз.

Дерекқордың жұмысы жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда                      АЕО АҚ-ның аймақтық бөлімшелеріне www.gosreestr.kz веб-сайтындағы «байланыс» бөлімінде көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласуды ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының                43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін қолданыста болған Қағидаларға сәйкес өткізуге берілген және бүгінгі күнге ОАБК-ның өндірісіндегі шектелген мүліктер (бағалауда немесе аукционда) мемлекеттік кірістер органдарына қайтарылуға жатпайды.

 

Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы

Мұхамеджанов А.

Байланыс деректері  251-74-55