Әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары көбінесе әкімшілік жаза шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.
Әкімшілік жаза әкімшішілік құқық бұзушылық істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және әккімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықты істегені үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандайда бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;
7) жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;
8) өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
9) әкімшілік қамау;
10)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару;
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандай – да бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;
7) жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;
8) өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу.
Іле ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары
бөлімінің бас маман К.Жарилкасинов
|