БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 287 және 288 баптарына 2018 жылға еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы 24.01.2018


 

Яғни, 287-бапта келесідей өзгерістер кіргізілген:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы";

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:

1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

жетінші бөлік алып тасталсын;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

"Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

Ал, 288-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"ескерту жасауға әкеп соғады.";

 

Алматы облысы Іле ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің бас маманы К.Рахимов.