БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281 бабына 2018 жылға еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы | 24.01.2018 | ![]() |
Құрметті салық төлеушілер! Алматы облысы Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Сіздердің назарларыңызға 2018 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281 бабына келесідей өзгерістер мен толықтырулар еңгізілгендігін хабарлайды. Яғни, 281-бапта: үшінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы "тиісті қызмет түріне" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын: 8. Авариялық жағдайды шұғыл түрде болғызбау қажет болған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспей, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 9. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынбау және (немесе) оны сақтамау – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 10. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін орындамау –шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
Алматы облысы Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы К.Рахимов. |
||||
![]() |