БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ҚРЗ туралы ақпарат 24.01.2018


 

Құрметті салық төлеушілер! ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI Заңына сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 2018 жылға келесідей түсініктемелер мәлімделді:

Яғни, 1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабының бірінші және 2-1-бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

"1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарды, декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

"2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарда, декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарда дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің қолданысы;

2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодлексінің 282-бабының бірінші және 2-1-бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

"1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатты, декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

"2-1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатта, декларацияда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкжұқатта дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын делінген.

 

 

 

Алматы облысы Іле ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің бас маманы К.Рахимов.