БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Жеке кәсіпкерді тіркеу 23.11.2017


 

Жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу  мемлекеттік кіріс  органдарымен жүзеге асырылады.Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен берілген салық өтінішінің немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген салық өтінішінің негізінде жүргізіледі, тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

ҚР ӘҚБтК 463  бабының 1-ші бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бесайлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып жанжалды жағдайларды болдырмау үшін, Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебін уақтылы сұратады.

 

Такси жүргізушілері көбінесе патент негізінде  арнаулы салық режимі таңдайды, себебі  патент негізінде арнаулы салық режімінің шарттары келесідей:

1)қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2)жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;

3)салық кезеңіндегі шекті табысы ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады(2017 жылға 7 337 700 теңге);

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады және бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.

        Мысалға: жеке кәсіпердің табысы 50000 теңге құраса, төленетін салығы 1000 теңге құрайды.

         Ал 2018 жылдан бастап  салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.

 

 

 

Туындаған сұрақтар бойынша:

Іле ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы,

Отеген батыр кенті, Титов көшесі 9 «А» үй, 

8(72752)2-23-03 телефонына  на хабарласа аласыз.