Әкімшілік құқық бұзушылық жасап жауапкершілікке тартылған әрбір тұлғадан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру уәкілетті органдардың негізгі міндеті болып саналады. Айыппұлдарды өз еріктерімен төлеуді халыққа кеңінен түсіндіруіміз қажет. Біздің мақсатымыз тұрғындардан айыппұл түсірумен қатар, оларға қоғамдық тәртіпке бағынып, ұсақ бұзақылықтан арылуға жол сілтеуіміз қажет. Ал егер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жазадан қашып құтылмайтынын тұрғындар жақсы білуі тиіс. Бұл орайда аудандық органдар ақпараттық насихат шаралары тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Жергілікті БАҚ өкілдерінің де назарында болғаны жөн.
Әрине, әкімшілік айыппұлдардың өтелуі жыл бойы тоқтаусыз жүргізілетін жұмыс. Бір айыппұл төленсе. екіншісі тіркеліп жатады. Сондықтан сот орындаушысының жұмысы да оңай емес. Қорыта айтқанда, баршамыз жұмылып, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, этикалық-эстетикалық талаптар төңірегінде елдің сана-сезімін қалыптастыруға жұмыс жасауымыз қажет. Салық органдарымен салынған айыппұлдар толыққанды өндірілуде.
Іле ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары
бөлімінің бас маман К.Рахимов
|