Әр салада тұтынушымен қызмет көрсетушінің арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жүргузу үшін, екі жақтын құқықтарымен міндеттемелері заңнамалық актілермен реттеліп бекітілген. Салық саласында салық төлеушінің құқықтарымен міндеттері ҚР Салық кодексінде айқын реттелген, салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің құқықтарын атап өтсек:
Салық төлеуші Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға, белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және электрондық нысанда салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға, өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға құқылы. Салықтық өтінішті өткізген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға және сауал бойынша белгіленген тәртіппен салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға құқылы. Салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға, салықтық құпияның сақталуын талап етуге, мемлекеттік қызметтерді тегін алуға, салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға Салық Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсатында өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.
Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы М.Исмаилов
|