Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6-шы бабына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар мен олардағы лауазымды адамдар өз құзіреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өзінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тиісті іс-шаралар жоспары қабылданған. Шаралалардың негізгі мақсаттары мыналар :- салық қызметкерлерінің салық төлеушілермен тікелей қарым қатынаста болуын мейлінше азайту.
- қатардағы қызметкерлердің салықтық қатынастарда өз бетінше шешім мүмкіндігін болдырмау.
Бұл орайда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда мемлекеттік кірістер басқармасындағы барлық бөлімдер бойынша олардың қызмет көрсету аясы нақтыланған. Мемлекеттік кірістер басқармасында салық есептілігін толтыру үлгілері екі тілде қөрсеткіш тақталарға ілінген. Салық төлеушілер соған қарап, ешкімнен сұрамай-ақ, кез келген салық есептілігін өздері толтыра алады. Яғни салық қызметкерлері салық төлеушілермен тікелей байланыста болмайды деген сөз. Сонымен қатар салық төлеушілердің қалауына қарай салық есептіліктерін электронды байланыс арқылы тапсыруына жан-жақты жағдай жасалған. Мұның өзі салық төлеші мен салық қызметкерлерінің арасындағы тікелей байланысты азайтып, жемқорлықтың алдын алудың бір мысалы бола алады.
Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік этиканы сақтау жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істейді. Ол комиссия тек орын алған фактілерді қарап қана қоймай, жемқорлықты болдырмау үшін оның алдын алу шараларымен тұрақты айналысады, аталған комиссия басшылығымен тек өткен алты айдын өзінде салық қызметкерлері мен салық төлеушілердің басын қоса отырып осы тақырыпта 23 лекция, 36 дөнгелек стөл, 26 кеңейтілген семинар-кеңес,19 техникалық оқулар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу мен насихаттау мақсатында аудандық әкімшілік сайтында жарияланымдар аркылы 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс- шаралар туралы 46 мақалалар жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың арыз, өтініштерінің уақытында және сапалы қаралып шешілуі мемлекеттік кірістер басқармасында тікелей қадағаланады. Сонымен қатар басқарма ғимаратында азаматтардың арыз-шағымдары үшін жәшік орнатылған, салық төлеушілердің телефон арқылы жемқорлық фактілерін хабарлау үшін 2-01-38 сенім телефоны жұмыс істейді.
Апта сайын аппараттық жиналыста салық қызметкерлерінің өз міндеттерін атқару жөніндегі есептерімен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңдылық талаптарын орындауы туралы тыңдалып, қадағаланып отырады.
Іле ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Бас маманы Сыдықов А.
|