Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Бес институтционалдық реформаны іске асыру үшін 100 нақты қадамды белгілегені мәлім. Елбасымыздың «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» — баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет бағдарламасы тек қана біздің елімізді емес, бүкіл төрткүл әлемді өзіне қаратты. Неге? Мәселен, «Нобель» сыйлығының лауреаты, Калифорния университетінің профессоры Финн Килланд «Назарбаев уақытты дөп басып отыр»,-деді таңданысын жасыра алмай. Сондай-ақ, Израильдің бұрынғы Ұлттық банкінің басшысы Джейков Френкель: «100 нақты қадам» алып секіріске айналады», — деп, бұл бағдарлама қазақ елін ешқашан көтеріліп көрмеген асқар шыңға шығаратынын зор сеніммен айтты. Айтқаны келсін дей отырып, осы сөздерде шындық барын қалай жоққа шығарарсың? Расында да, осы «100 қадамды» тоқсаныншы жылдары айтсаң, жұрт күлер еді. Енді, мінеки, дәл қазір Қазақстанның алып қадамдар жасауға шамасы, қуаты жететінін данагөй ұлт басшымыз біліп, сезіп, бағамдап отыр.
Бұл «100 нақты қадам» ұлт жоспарына қалың ел зор үмітпен қарайды. Әрине, «Нұрлы жол» мен «Қазақстан — 2050» стратегиясы да осы ұлт жоспарының шапанының аясына еніп отыр. Бейнелеп айтсақ, Толағай Қазақстан бұл қадамдарын алып адыммен аттауы қажет. Әйтпесе алдымыздағы отыз алып ел де бір орында тұрмақ емес. Алға, тек алға адымдауымыз тиіс. Алғашқы 15 қадамды, яғни бірінші бөлімді кәсіби мемлекеттік аппарат құрудан бастаудың өзіндік мәні зор. Себебі әрбір адам — әрбір қызметкер сағаттың тетіктері тәрізді үйлесімді жұмыс жасағанда ғана зор табысқа жетеміз.
Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.
Құқықтық – ұйымдастыру жұмыстары
бөлімінің бас маманы К.Рахимов
|