БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде 19.06.2018

 

Жалпы, сыбайлас жемқорлық құбылысы (латынша «corruption» - сатып алу) лауазымды адамдардың өз қызмет бабын пайдаланып, жеке басын байыту мақсатында пайдалануы және лауазымды тұлғалар мен қоғамдық қайраткерлердің сатылуға ыңғайлығын білдіреді. Шын мәнінде келетін болсақ, бұл дегеніміз-әртүрлі өзгермелі формаларды қабылдайтын қуатты қаржы капиталы. Ол өзіне барлық шаруашылық саласын тартады. Ал жаһандануға әлемдік ортада оның масштабы көлеңкелі экономикадан да асып кетіп отыр. Әлемдік шаруашылықтардың жемқорлық тамырымен шырмалуы ұлттық қауіпсіздікке аса ауыр қауіп төндіретіні жөнінде ашық айтылуда.

Әлемдік практикада сыбайлас жемқорлықтың ақшаны «тазарту» механизмінің жейдесінен баяғыда өсіп, шығып кеткенін көрсетуде. Ол экономиканың сыртқы кейпін шебер жасыра отырып, аса икемділікпен жетілдірілген сипатқа ие болған. Көптеген елдерде жемқорлық масштабы құбылысқа ие болып, аратұра көрсетіліп қоятын қарсы шараларға қарамастан, қоғамның барлық саласына еніп барады.

Өзге дамыған елдермен салыстырғанда, нарықтық рыногы енді ғана құрылған ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей мен Қазақстанда сыбайлас жемқорлық процестрі қауіп төндіретіндей көлемде жедел өркенлеуде. Оған аталған жемқорлық туралы қоғамның кез-келген жерінде ашық айтыла бастағаны, қарапайым халықтың қынжылысы дәлел. Ресей мен Қазақстан экономикаларының көлемін салыстыратын болсақ, біздің елдегі пара берудің көлемі де өз экономикамыздың аумағына қарай ресейліктердегідей болып шыға келеді. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестерге қарамастан, оның тамыры тереңге жайылып, заманға қарай өркендей түсуде.

Бірақ Президент тапсырмасына сәйкес, жер-жерде жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

 

Іле ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

бас маманы Жарилкасинов К.К.

тел. 8 (72752) 2-02-08