БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің қазақстан республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы 19.06.2018

    

Құрметті салық төлеуші! Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы бойынша төмендегідей хабардар етеді:

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу -

жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді ұсынбауы және оларды орындамауы -

жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:

1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу -

жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

          Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 287 бабына сәйкес танысуға болады.

 

М.Исмаилов          

 Іле ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер

 басқармасының бас маманы

анықтама үшін сым тетік: 8-7272-517459