БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
   
 
  Іле ауданы бойынша салық басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы № 177- V Қазақстан Республикасы Заңмен (бұдан әрі - Заң) Салық кодексіне өзгерістердің және толықтырулардың енгізілуіне байланысты, келесіге назар аударады.
1. Банкроттық секторды салық салу бойынша
1.1 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодекстің 90-бабының 2-тармағы 7), 8)-тармақтармен толықтырылғанға сәйкес борышкерге талап мөлшерін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резевтердің) соммалары провизияларды (резевтерді) азайтудан түсетін табыстар болып танылматын келесі жағдайлар:
1) уақытылы төленбеген несие (қарыз) және сол бойынша сыйақы, есептер және кепілдер құжаттар бойынша дебиторлық қарыз түрде бухгалтерлік есепте борышкерге талаптардың мөлшерін азайту;
2) 0,1 коэффицинтті қолдану арқылы анықталатын (осы норма 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданысқа енгізілген) ең жоғарғы мөлшердегі соммада несие (қарыз) және сол бойынша сыйақы бойынша үмітсіз қарыздың кешіруіне байланысты борышкерге талаптардың мөлшерін азайту.
1.2 Заңның 4 – бабында Салық кодекстің 106-бабының 1-2-тармақтың екінші азат жолы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарға дейінгі мерзім аралығына қолдану мерзімі тоқтатылған, және тоқтатылған мерзімге динамикалық резервтің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және уәкілетті органымен келісім бойынша белгіленген тәртіпте анықталатыны белгіленген.
2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарды салық салу бойынша
2.1 Салық кодекстің 106-бабының 2-тармағына, 106-1-бабына, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерді құру бойынша шығындарды шегерімге жатқыза алатын қарастырылған толықтырулар енгізілген.
2.2 Салық кодекстің 25, 583-баптары жаңа 6-1, 7-1-тармақтарымен толықтырылған, бұл ретте, салықтық тексеріс барысында салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен өзара іс-қимыл жасайтыны қарастырылған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша уәкілетті органның салықтық тексеріс барысында тексіріліп жатқан салық төлеушіге қатысты сұрату бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резевтер мөлшерінің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгіленген тәртіпке сәйкестігі туралы қорытынды береді.
3. Жеке тұлғаларды салық салу бойынша
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодекстің 155-бабы 3-тармағы 29)-тармақшамен толықтырылған, бұл ретте күшіне енгізілген соттың шешімінің негізінде жеке тұлға – қарыз алушыны хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз; I және II топтағы мүгедектігі белгіленген, сондай-ақ өлім кезінде; әлеуметтік табысты қоспағанда басқа да табыстардың болмағанда; мүліктің болмағанда; негізгі міндетті соммадан төмен баға бойынша соттан тыс тәртіпте кепілдегі мүлікті сату кезінде пайда болған несие (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты жеке түлғаның табысы ретінде танылмайтыны қарастырылмаған.