БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
100 нақты қадам - болашақтың жарқын жарығы 14.11.2017


  

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. 

     Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарлаудың жолдары қарастырылған. Құжаттың кадрдан басталуы дұрыс та. Өйткені, еліміздің әлеуметтік – экономикасының дамуы олардың біліктілігіне, іскерлігіне халық алдындағы адалдығына тікелей байланысты. Iлгергi қалыптасқан тәжiрибеде тағайындалған басшы, ол өз ретiнде мемлекеттiк қызметтегi бұрынғы кадрлардың барлығын жаңартуға тырысатын. Соның салдарынан жаңа лауазымға тәжiрибесi аз, бiлiктiлiгi төмен кадрлар қызметке қабылданып жататын. «Жүз нақты қадам» талабы, бұдан бөлек. Онда «Мемлекеттiк қызметке қабылдау төменгi лауазымдардан басталуы тиiс» және ол «Iскерлiк қасиеттер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс» деп көрсетілген.Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары Қазақстан халқын жарқын бо­ла­шаққа бастайтын, ел бірлігін нығайта отырып, орнықты дамуға кеңінен жол ашады.

      «100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді. Оған күмәнім жоқ. Өйткені біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін алға қойғанбыз. Ол жетістікке қол жеткіздік. Әлемдік институттар барлық көрсеткіштер бойынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» арқылы өркендеген, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу міндетін қойып және жолдарын көрсетті.
      Ол мақсатқа жету үшін барлығымыз бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс атқаруымыз қажет.

 

  

 

Іле ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің бас маман К.Жарилкасинов