БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
Салық төлеушінің міндеттері | 14.07.2017 | ![]() |
Әр салада тұтынушымен қызмет көрсетушінің арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жүргузу үшін, екі жақтын құқықтарымен міндеттемелері заңнамалық актілермен реттеліп бекітілген. Салық саласында салық төлеушінің құқықтарымен міндеттері Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексінде (әрі қарай Салық кодексі) айқын реттелген, салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің міндеттерін атап өтсек: Салық төлеуші салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға тиіс, салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға, нұсқама негізінде салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге. Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың салық Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға, дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың, тұрақты мекеменің, бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына (Салық Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге. Әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде, әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етуге міндетті. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері: Ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі: заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға, аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге.Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті. Салық төлеуші салық Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды. Салық төлеушінің міндеттері бойынша толық мәліметімен салық Кодексінің 14 бабында танысуға болады.
М.Исмаилов Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы анықтама үшін сым тетік: 8-7272-517459 |
||||
![]() |