БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Жемқорлықтың түп тамыры- білімсіздікте 08.11.2017


  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері – барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілеріне мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар  жауапты болады.

Сондықтан Қазақстан Республикасы азаматтарының әрбір қадамы «АҚ» әрі «АДАЛ» болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзекті проблемаға айналмас еді. Себебі біздің санамызда еңбек ету жоқ, тек жеңіл жолмен пайда көру ғана. Қазақ елі қлың жұртының санасында «тыным таппа, тыныштық іздеме», «маңдай термен тапқан еңбегіңнің жемісі де, берекесі де болар» деген ұстаным болса, «Сыбайлас жемқорлықтың түп тамыры - білімсіздікте» деген мақалада жарық көрмес еді!!! Халық мақалына сүйене келе «Адам болам десең бесігіңді түзе» демекші, егеменді елдің еңселі азаматы болам десең заңға қарама-қайшы іс-әрекеттен алщақ болайық заңға сәйкес міндеттерді атқарайық. Осы жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық өте ауыр қылмыс қатарына жатқандықтан, оны жасаған тұлғалар заң алдында қатаң жазаланады және өз өміріне өзі балта шабатыны айдан анық. Адам адамды кешіргенімен заң адамды кешірмейтінін естен шығармайық. 

 

 

Іле ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің бас маман К.Жарилкасинов

 

 

                                Сыбайластықпен күресу толастамайды.

«Сыбайлас жемқорлық» ұғымы, құбылыс ретінде капитализм дәуірінде, немесе коммунизм тұсында пайда болды деп айту қиын, себебі адам баласының саналы өмір кешіп, дамуымен бірге қатар жүріп, дамып келеді. Яғни, тамыры тереңде. Адамзат өркениеттенген сайын сыбайластық та дамып, жетіліп келеді. Қазіргі кезде сыбайластық та дамып, жетіліп келеді. Қазіргі кезде сыбайластық жоғарғы даму сатысында тұр, ол ұйымдасқан қылмыспен қатар көрініс табуда.

Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттардың бірі- ол сыбайлас жемқорлықпен күресті түбегейлі түрде жүргізу, яғни осы тұста мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделу керектігін атап өткен. Сол себепті сыбайластықтың алдын алу мақсатында заңдылық аясында үнемі және жүйелі түрде жұмыс жасауға тиістіміз. Жалпы жемқорлықтың алдын алу мақсатында заңдылық аясында барлық мемлекеттік органдар жұмыс жасауға міндетті.  

Іле ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы