БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 Өткізуден түсетін табыс 08.09.2017

    

Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, құн өсімінен түсетін табыс, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс, күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары, құрылған провизиялардың (резервтердің)мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс, талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс, тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс, табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс, табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс, кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс, бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар, өтеусіз алынған мүлік, әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс, кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал) жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстардан басқа, өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады.

      Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.

       2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа:

       1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

       2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

       3) роялти;

      4) мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыс жатады.

 

 

 

М.Исмаилов          

 Іле ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер

 басқармасының бас маманы

анықтама үшін сым тетік: 8-7272-517459