БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Сыбайлас Жемкорлыққа қарсы күрес әр азаматтың міндеті 06.09.2018

 

Құрметті Салық төлеушілер

      Сыбайлас Жемкорлыкка карсы курес Еліміздің бугінгі кунгі күрделі мәселесі болып отыр.Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы ҚР Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген.Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметін жетілдіруге бағытталып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын алу жүйелі,әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.Кез келген өркениетті қоғам  үшін сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес ең үлкені мәселелердің бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлық мемлекетті жоятын  мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер әкелетін құбылыс.Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға жиырма алты жыл өтті.Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды.Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі қатерлерден айығуды міңдет етіп қойды.Ол жол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жолы.Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы болып табылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты бағыты - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру  болып табылады. Салық органдарында мемлекеттік қызметтің уақытылы көрсетіліуін қамтамасыз ету, электрондық жүйеде жұмыс істеуді жүзеге асыру, камералдық бақылауды автоматтандыру және де салық төлеушілермен салық қызметкерлерінің тікелей қарым қатынасын азайту жемқорлықпен қарсы күреске  ықпалын тигізеді.Жоғарыда айтылған іс шаралар бойынша бөлімде әр апта сайын ХШР АЖ базасында камералдық бақылау бойынша хабарламаларға жауапты электронды түрде жауап беру бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

Қайнарова С.У.

Заңды тұлғаларды әкімшелендіру бөлімі

тел:87272(517459).