БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
Жауапты тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясын өткізбегедігі үшін көрсетілген әкімшілік жауапкершілік | 05.09.2017 | ![]() |
Алматы облысы Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (одан ары – Аудандық кіріс басқармасы) қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияларын ұсынуы бойынша келесіні хабарлайды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (одан ары – Қазақстан Республикасы Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағына сәйкес "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалар кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны: 1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); 2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); 3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 186-бап.1-тармағына сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларация (230.00 нысана) орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады. Өз кезегінде, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-баптың 8-тармағына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 274- бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бас маманы Жарилкасинов К.К. тел. 8 (72752) 2-02-08
|
||||
![]() |