БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Құрметті салық төлеушілер !!! 04.05.2017

 

          Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің 180, 180-1 бабтарына сәйкес, меншік құқығында он екі айдан аз уақыт уәкілетті органда тікеуде болған мүлікті сатқан салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі. ҚР Салық Кодексінің 158-бабының 1-ші тармақшасына сәйкес салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынатындығын мәліметтейді.
2012-2016 жылдар аралығында меншік құқығында он екі айдан кем уақыт аралығында тікеуде болған мүлікті сатып салықтық міндеттемелерін орындамай жүрген тұлғалар, өз еркімен салық міндеттемесін орындау үшін Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 240.00 нысандағы салық есептілігін тапсырып, табыс салық соммасын төлеуі тиіс.
Қосымша сұрақтар бойынша Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуларыңызға болады, мекен жайы: Өтеген батыр кенті, Титова көшесі 9 «а». тел.8 (72752) 2-23-03.