|   Мақсаты: -         Талантты жастарды қолдау, эстетикалық талғамы мен мәдениетінің дамуына қолдау көрсету. -         Жастарды туған өлкеге деген елжандылық сезімдерін қалыптастыру.   Ұйымдастырушылар: Ішкі саясат бөлімі  Өтетін күні мен орны: 28 қыркүйек сағ: 10 00, Чапаев МҮ  Қатысушылар: Әр ауыл, кент округ көлемінде 16-29 жас аралығында жастар және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақшыларының мүшелері.    БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ 1. «Менің түйіндемем» Қатысушылар өздерін таныстырады - 3 минут. (түсініктеме төменде) 2. «Жасыл Ел» маусымдық киім көрсетілімі – 2 минут. (түсініктеме төменде) 3. «Парасат» білім сайысы -1 минут. (түсініктеме төменде) 4. «Ұлағат» ұлттық киім көрсетілімі - 1 минут. (түсініктеме төменде) 5. «Өнерім - өмірім» Өнер сайысы – 3 минут. (түсініктеме төменде) 6. Күзгі десерт – 2 минут. (түсініктеме төменде) Байқау шарттарына түсініктеме: 1-шарт: Байқауға қатысушы өздерін өлең, сахналық көрініс, қара сөзбен таныстырады. 2-шарт: «Жасыл Ел» стиліндегі күздік киім байқауында қатысушылар тақырыпқа сәйкес сән үлгісінде киім үлгісін таныстырады. 3-шарт: Білім сайысына қатысушылар Қазақстан тарихы, әдебиеті, саясаты, өнерге байланысты сұрақтарға жауап береді. 4-шарт: Қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсетеді және қысқаша сипаттама дайындап әкеледі. 5-шарт: Өнер сайысына қатысушылар жеке орындауда ән, жатқа өлең, музыкалық аспаптарда ойнау өнерін, би, скетч көрсетеді. 6-шарт: Күзгі көкөністерден ас дайындау  Қатысушылар туралы мәлімет төмендегі кесте бойынша  20 қыркүйек Ішкі саясат бөліміне өткізу тапсырылады 
            
              | № | Аты – жөні | Туған жылы | Жұмыс орны | Жетістіктері |  
              | 1 |   |   |   |   |    Ескерту: Байқауға қатысушылардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін нышандарына, киім үлгісіне, сахна мәдениетіне көңіл бөлінеді.Байланыс телефондары: 2-10-69, 2-06-22 |