Байқаудың мақсаты: «Отан- от басынан басталады» демекші дәстүр мен өнерге бай қазақ елінің тілін, мәдениетін, тарихы мен мәдени құндылықтарын насихаттау. Әр қазақстандық отбасының патриоттық сезімін қалыптастыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап ықпал ету. Өскелең ұрпаққа рухани және эстетикалық тәрбие беру.
Байқаудың шарттары: Байқауға әр ауылдық, кенттік округтан бір отбасылық команда (4-6 адамға дейін) жебіреледі.
Тапсырылатын құжаттар: 20.03.2012 ж дейін тапсырылу қажет
- отбасынан ұсыныс, репертуар;
- оқитын мектебі, мекен-жайы, телефоны;
- әр отбасын заңды түрде растайтын төлқұжаттары, отау иесінің РНН көшірмесі;
- байланыс телефондары.
1 тур – полиграфиялық: «Біздің шаңырақ»
Әр отбасы туралы әңгілмелейтін қабырға газеті, журнал немесе буклет беруледі. Формат, көлемі және безендірілуі байқауға қатысушылардың өз қалауы бойынша анықталады.
2 тур – «Базарлық»
әр отбасы тұрған жерінің ерекшелігін, Жетісу жерінің қасиетін әдемі сөз өрнегімен бейнелеп, өз шаңырағына ғана тән салт-дәстүрін, сахналық көрініс арқылы таныстырады. Берілетін уақыт – 2-3 минут.
3 тур – «Өнерім - өрісім»
Әр отбасы өздерінің өнерге қабулеттігін танытады. Бұл тур бойынша жеке дауыста, дуэт, трио, квартет, отбасылық ансамбль ретінде, бейнелеу және қолөнер шеберлігін айқындайтын туындыларын көрсету арқылы қатысуына болады.
Байқауда музыкалық әрлендіру «минус бір» фонограммасы арқылы орындалады.
4 тур – «Ас – адамның арқауы»
Әр команда төмендегі талапқа сәйкес белгілі бір ұлттық тағам дайындайды:
- дастархан мәзірі (қарапайымдылық пен әсемдік бағаланады);
- безендірілудің эстетикалық талғамы;
- дайындалған тағамның жарнамасы немесе ақпараттық ілеспе мазмұны.
Команда бірнеше тағам түрлерін көрсете алады.
Байқауды бағалау тәртібі:
Байқауға қатысушылардың орындаушылық қабілеттерін бағалау кезінде қазылар алқасы төмендегі жағдайлардлы басшылыққа алады:
- қазақ тілінің, мәдениеттің отбасында көрініс табуы;
- репетуардың көркемдік идеялық дәрежесі;
- орындаушылық шеберлігі;
- сахналық мәдениеті мен киім үлгілері;
- таспаға жазылған музыкалық шығарманың сапалығы;
- көрмелердің эстетикалық безендірілуі.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Бас бәйге - 1
1 орын - 1
2 орын - 2
3 орын - 3
Ынталандыру – 3
Байқаудың өтетін орны мен уақыты: 2012 жыл 29 наурыз, Қараой мәдениет үйі
Тіркеу 9.00
Басталуы: 11.00
Ескерту: Жол шығынын, тамағын жіберуші жақ көтереді.
Байланыс телефондары:
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:
Өтеген батыр кенті; Тел: 22138
Аудандық мәдениет үйі:
Чапаев ауылы; Тел: 77365
|