Мақсаты:
- Жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, жастар саясатын жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылар: Ішкі саясат бөлімі
Өтетін күні мен орны: 15 маусым 2012 жыл, Боралдай кенті №15 ОМ, сағ: 10 00
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ
1. Байқауға қатысушы әр жұп шағын фотокөрме ұйымдастыру керек. Фотокөрмеде жанұяның әр кездердегі фотосуреттері ілінеді. (Кем дегенде 10 фото)
2. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып өтеді. Таныстырар алдында «Отбасындағы бір күн тақырыбында 5 минуттық шағын бейнебаян ұсынылу керек.
3. Екінші кезеңде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салады. (ән, би, пародия және т.б) келесі кезеңдерге 4 жұп қана өтеді.
4. Үшінші кезеңде қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді.
5. Төртінші кезеңде жұптар кешкі киім үлгісін көрсетеді.
Қатысушылар:
1. Байқауға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан 18-29 жас аралығындағы жас отбасы қатыса алады.
2. Тіркеу кезеңінде жас отбасылардың жеке куәліктері және некеге тұру куәліктері болуы шарт.
3. Байқаудың ашылу салтанатында жұп Шәмші Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең...» әніне вальс биін билеу керек. Ер адамдар костюмде, әйел адамдар ақ той көйлегінде болуы шарт.
4. тапсырыс пен қатысушылар туралы мәліметті төменде көрсетілген кестеге сай 10 маусым 2-10-69 телефонына факс арқылы жіберілуі тиіс.
№
|
Жұптың аты – жөні
|
Туған жылы
|
Жұмыс орны, мамандығы
|
Жетістіктері
|
1
|
|
|
|
|
Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
1. Байқау жеңімпаздарын 5 адамнан құрылған комиссия мүшелері анықтайды.
2. Жеңімпаздар арнайы грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байланыс телефондары: 2-10-69, 2-06-22
|