БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
Ауыл жастарының қатысуымен өткізілетін  Көңілді тапқырлар
клубы командаларының байқау ойындарының Ережесі
 
 

Байқау мақсаты:

Ауыл жастарын өнерге, тапқырлыққа, шеберлікке, ізденімпаздыққа баули отырып, ұлттық қадір қасиетті қастарлей білуге, мәдениетке, салауатты өмір салтын насихаттауға баулу.

 

Байқаудың өткізілу орны мен уақыты: Қосымшада жіберілген кестеге сәйкес өткізіледі.

 Байқау шарты:

1. Әрбір қатысушы астарлы әзілден құрылған көріністі шынайы түрде көрсете білуі керек. Сонымен қатар тіл тазалығын,  уақытты үнемдеп пайдалануы, қысқа да нұсқа сөйлеген шарт.

2. Әрбір топ мүшелерінің сахнада өзін өзі ұстауы, кез-келген рөлдің әсерлі шығуы мен киім кию үлгісі ескеріледі.

3. Байқауға 18-29 жас аралығындағы білімді, тапқыр да өнерлі жастар қатыса алады. Мектеп оқушыларынан құралған топтар қатыса алмайды.

4. Әрбір топта бірдей киім үлгілері болу міндетті.

5. Әрбір топта топ атауы, ұраны мен төс белгісі болуы керек және кездесу ойындары кезінде жарнамалық қағаздар дайындалып ілінуі керек.

6. Байқау екі кезеңде өткізіледі.

 - алдымен ауылдық кенттік округтерде;

- ақтық мәре аудан көлемінде ұйымдастырылып, оған жеңімпаз командалар жіберіледі. Жеңімпаз топтар аудан әкімінің құрмет мадақтамасымен мараптталады және естелік сыйлықтарға ие болады.

Байқау бағдарламасы:

1. Таныстыру. Әрбір қатысушы команда өз қалауымен таңдалған жанр түрінде өздерін таныстыру арқылы сәлемдесу. (3 минөт)

2. Ширату.  Әрбір топтың бір-біріне деген сұрақ жауаптары.  Бір сұраққа жауап беру уақыты 2 минөт (қарсы командалар сұраққа жауап бере алмаса сұрақ қоюшы команда өздері нақты жауабын айтулары керек).

3. Көңілді күйсандық.  Музыкалық номер 3-5 минөт (музыканың сүйемелдеуімен  әзіл түрінде өлең, немесе сахналық интермедия)

Ескерту: жоғарыда берілген бағдарламаға сай КТК командалары интермедиялық (әзіл-ысқақ әңгімелерді)  көріністерді берілген регламенттен артық созуға тыйым салынады. Өтінімдер   МжТДБ  дейін тапсырылуы керек.

Қосымша мәлімет алу үшін

Іле аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов к-сі № 8

Байланыс тел, факс: 2-21-38.