БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Іле аруы» атты  байқауының ЕРЕЖЕСІ  
 

Байқаудың мақсаты: Халқымыз бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды ұлттық мирас ретінде ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келген. Аты аңызға айналған ару аналарымыз бүгінде аз емес. Солардың бойындағы тектілікті, сабырлықты, парасаттылықты, нәзіктікті кейінгі ұрпақ бойына дарыту. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүру. Қазақ аруларының бойындағы асыл қасиеттерін өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Байқаудың шарттары: Байқауға ауданның ауылдық, кенттік округтарынан 1 ғана үміткер қатыса алады. Байқауға қатысушы әрбір үміткер мемлекеттік тілді (шет тілін білсе де артық емес) жетік білуі тиіс және ұлттық тәрбиенің қадір-қасиетін білетін, халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан хабары мол, қазақ халқының тарихы мен әдебиетін жақсы білетін, ақылына ажары сай, өнерлі, іскер, зейінді де зерделі болуы шарт. Байқау 5 номинация бойынша болады.

Байқауға қатысушы талапкердің жас мөлшері 16 мен 22 аралығында, бойы 1 м. 70 см.-ден жоғары болуы тиіс. Байқауға қатысамын деген талапкерлер 2012 жылдың 15 мамырына дейін төмендегі тәртіп бойынша тапсырыс беруі керек:

- Өмірбаяны (туған жері, күні, айы, жылы, ұлты);

- Оқу орны немесе жұмыс орны;

- Жұмыстан бос уақытында немен әуестенеді (бейнесюжет).

- Нақты тұратын мекен-жайы;

- Жеке куәлігінің, РНН көшірмесі;

- 13х18 фотосуреті

 

Байқаудың өтілу барысы:

1 номинация – «Саусағынан өнер тамған, арулар» - қолдарынан жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырылып бағасы шығарылады.

2номинация-«Сыр мен сымбат »ұлттық киімде өзін-өзі таныстыру (киімі,сахнада жүріс-тұрысы,табиғи ұлулығы,бой сымбаты т.б)

3 номинация-«Сымбатқа парасат сай келсе»-сұрақ-жауап,сұхбат

4 номинация-«Өнерпаз болсаң арқалан»-өнер сайысы.Өнер сайысына шек қойылмайды. (Ән, би, көркем сөз,күй,пародия,монолог,ұлттық аспапта өнер көрсету және т.б)

5 номинация-Кешке салтанатқа арналған сәнді киім үлгілерін көрсету.

Марапаттау:

Гран-при-1(біреу)облыс Әкімінің жүлдесі

1орын-1(біреу)бағалы сыйлық

2орын-1(біреу)бағалы сыйлық

3орын-1(біреу)бағалы сыйлық

Ынталандыру сыйлығы-3(үшеу)

 

Байқаудың өтетін мерзімі:

Байқау 2012 жылдың 16-мамыр айында Ақши ауылдық мәдениет үйінде өтеді.

 

Байланыс телефондары:

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Өтеген батыр кенті; Тел: 22138

Аудандық  мәдениет үйі:

Чапаев ауылы;

Тел: 77365