БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
«Елім менің» атты патриоттық әндер байқауының ЕРЕЖЕСІ  
 

Байқаудың мақсаты: Егеменді елеміздің қол жеткізген толымды табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын, заңғар заманын әлемге паш ету. Тарих тағлымдарын кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Байқаудың шарттары: Байқауға әр округтан 1 үміткер қатыса алады. Әр үміткер 2 ән орындайды.

1.     Үміткердің орындаушылық шеберлігі;

2.     Орындалар әннің тақырыпқа сай болуы;

3.     Кәсіби сүйемелдеуге көңіл бөлу (аранжировка);

4.     Әнді жанды дауыспен орындау;

5.     Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;

6.     Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы;

 

Тапсырылатын құжаттар: 20.04.2012 ж. дейін тапсырылу қажет

- төлқұжаты мен РНН (көшірмесі);

- қысқаша өмірбаяны, білімі, қатысқан байқаулары туралы мәлімет;

- байқауда орындайтын әндер тізімі;

- 1 фотосуреті;

- жіберуші жақтың мөрімен бекітілген ұсынысы мен мінездемесі.

 

Жеңімпаздарды марапаттау: Жеңімпаздар дипломдар,мадақама қағаздар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлдеге ие болған жеңімпаз облыстық байқауға қатысуға жолдама алады.

Байқаудың өтетін уақыты: 2012 жыл 25 сәуір, Ащыбұлақ округі, №4 ОМ

Тіркеу 9.00

Басталуы: 11.00

Ескерту: Жол шығынын, тамағын жіберуші жақ көтереді.

 

Байланыс телефондары:

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Өтеген батыр кенті; Тел: 22138

Аудандық  мәдениет үйі:

Чапаев ауылы;

Тел: 77365