БАСТЫ > Байқаулар > ҚҰЖАТ

 
 
 
Ауылдық, кенттік көркемөнерпаздар ұжымдарының аудандық байқауын өткізу Ережесі  
 
  

Байқаудың негізгі мақсаты

Мемлекеттік «Мәдени мұра»  бағдарламасын кеңінен насихаттау, отанды сүю, аудандағы өнерлі, дарынды өнер ұжымдарының шығармашылығын дамыту, мәдениет үйлері мен көркемөнерпаздар ұжымдарының репертурын байыту. Өнер жанрларының шеңберін кеңейту, орындаушылық шеберліктерін арттыра түсу, жаңа шығармашылық топтарды анықтау, жастар мен өнер ұжымдарының эстетикалық талғамын дамыту, халықтық дәстүрлі өнер түрлерін кеңінен насихаттау.

 

Байқаудың өткізілу орны мен уақыты: Қосымшада жіберілген кестеге сәйкес өткізіледі.

 

Байқау шарты:

Байқауға қатысушы көркемөнерпаздар ұжымдарының бағдарламасы берілген жанрлардың барлығын орындаулары шарт. Кенттік, ауылдық округ көркемөнерпаздар  ұжымдары және ауылдық мәдениет үйлерімен халықтық ұжымдар, ұлт аспаптары оркестрлері, округке қарасты мекеме, кәсіпорын, қоғамдық ұйымдар қатысу шарт. Мектеп жасындағы оқушылар қатыстырылмайды.

 

Жүлдегерлерді марапаттау:

Байқауға қатысатын барлық округтері көркемөнерпаздарының байқауы аяқталғаннан кейін аудандық мәдениет үйінде қортынды Гала концерті өткізіледі. Ә ділқазылар алқасының қортындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, арнайы сыйлықтар тапсырылып, мараптталады.

 

Қосымша мәлімет алу үшін

Іле аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов к-сі № 8

Байланыс тел, факс: 2-21-38.