![]() |
![]() |
«Қазақстан Республикасының 2015 –2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған аймақтақ іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» 2016 жылдың 01 қарашадағы №452 Іле ауданы әкімдігінің қаулысын жүзеге асыру бойынша мәлімет | 04.01.2017 | ![]() |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылдың 25 ақпанындағы №100 қаулысын, «Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» 2016 жылғы 29 қазандағы №449 облыс әкімдігінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында Іле ауданында 2016 жылғы 01 қарашадағы №452 Іле ауданы әкімдігінің қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жауаптылар белгіленіп, жоспарланған іс-шаралардың өз уақытында толық және сапалы өткізілуі үнемі бақылауға алынды. Жоспар 21 іс-шарадан тұрады. Осы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілді. 1-тармақ бойынша «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету». «Электронды үкіметті» енгізу, бұл Интернет-ресурстар құралдары арқылы тұрғындар мен мемлекет арасындағы нағыз «кері» байланыс құру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша әрекеттің бірі болып табылады. Аудан әкімінің сайтында және блогында сенім телефоны (2-07-91) көрсетілген, онда «Жемқорлыққа қарсы күрес» бөлігі қызмет етеді, аудан тұрғындарымен сұхбат жүргізіледі. Осы кезеңге дейін ешқандай арыз-шағым келіп түскен жоқ. 2-тармақ бойынша Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға арналған жәшіктер мен «Сенім» телефон номері 2-07-91 үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету Аудандық әкімдік пен ауылдық округтерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға арналған жәшіктер мен «Сенім» телефон номері 2-07-91 үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етілген. Барлық мемлекеттік мекемелердегі баршаға қолжетімді, көрінетін жерде мемлекеттік қызметкердің Әдеп Кодексі орналастырылған. Аудан әкімдігіне 2016 жылы 2113 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1894-сі жеке тұлғадан , 219-сы заңды тұлғадан, оның ішінде 102-сі ұжымдық өтініш, 221-сі аудан әкімінің қабылдауында болды, оның ішінде ұжымдық өтінішпен де әкімнің қабылдауында болды. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тәртібі туралы» заңына сәйкес барлық өтініштерге жауап өз уақытында қаралды. 3-тармақ бойынша «Ауданның жергілікті атқарушы органдардың бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссиясының отырыстарында байқаушылар мен сарапшылардың қатысуын жүзеге асыру» Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен нақтылығын, сондай-ақ кадрлық құрамын қалыптастыру, командалық орналасуды болдырмау және ашықтықтын қамтамасыз ету үшін ауданның қызметкерлерді басқару қызметі бөлімі Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаменті мен Іле ауданы мәслихатына сұхбаттасуды өткізу шарасына қатысуға, өз қызметкерлерін сарапшы ретінде жіберуге хат жіберілді. 2016 жылдың 10 ай ішінде ауданның жергілікті атқарушы органдардың бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссиясының 23 отырысы өтті, осы комиссия отырыстарына бақылаушы ретінде Іле ауданы мәслихатының депутаттары, аудандық газеттің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Алматы облысы бойынша департаментнің кеңесшісі қатысты. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметке 56 адам қабылданды, аудан әкімінің сайтында үнемі әкімшілік мемлекеттік қызметтерге бос лауазымдық орындар туралы хабарламалар орналастырылып тұрады. 4-тармақ бойынша «Электрондық мемлекеттік қызметтер санын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу» Аудан деңгейінде 88 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде ақылы негізде - 6, 2013 жылғы 18 қыркүйегінде ҚР Өкіметінің өкімімен бекітілген №983 мемлекеттік қызметтердің тізіміне сәйкес тегін түрде -82, мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация және электронды өкіметтің вэб-порталдары арқылы-14, қызмет жергілікті атқарушы органдар арқылы- 22, мемлекеттік қызмет баламалы негізде-52 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 7 қызметті өз уақытында орындамаушылық анықталды, 1 қызметтің уақытында орындалмауы жүйенің техникалық қателігіне қатысты болды, ал қалған орындалмаушылықтар үшін жауапты мамандар жазаланды. Мемлекеттік қызметтер «Е-әкімшілік» ХҚКО», «Мекен-жай тіркеуі» «Е-собес», «Е- лицензиялау» ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі. 2016 жылы барлық саны 230851 мемлекеттік қызмет (2015 жылы 212770 қызмет) көрсетілді: - жергілікті атқарушы органдар арқылы-201836 қызмет (2015 жылы 189865 қызмет); -мемлекеттік корпорациялар арқылы -28387 қызмет, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-ға артық (2015 жылы 22766 қызмет); -электронды мемлекет порталы арқылы -628 қызмет бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есе артық (2015 жылы 139 қызмет); Талдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Алматы облысы Іле ауданының аумағында мемлекеттік корпорацияның (ХККО) 2 бөлімшесі жұмыс істейді, сондай-ақ аудан орталығынан 40 шақырым алыста орналасқан елді мекендерге аптасына 2 рет ХККО-ның мобильді топтары барып қызмет көрсетеді. Электронды мемлекеттік қызметті насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін басылым материалдарында (постерлер), қабырға газеттерінде және жергілікті БАҚ-да тұрғындар мен бизнес өкілдері арасында мемлекеттік қызметті алуды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы аудандық «Іле таңы» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 11 мақала жарық көрді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 4 семинар, өткізілді, сондай-ақ тұрғындар арасында еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы 13 түсіндіру шаралары өткізілді. «Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру ережелерінің» 3 тармағының 2)және 4) тармақшаларын орындауда қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы байланысты шектеу мақсатында «бір терезе» шегінде 2015 жылы ақпанда Іле ауданы әкім аппараты облыстық әкім аппаратына ХККО арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетуге ұсыныс енгізген болатын, ол бұрын тек қана мемлекеттік органдар арқылы қызмет көрсетілетін: «Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіпті кешенді саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» (бұрын экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі қызмет көрсететін), «Мектепке дейінгі мекемелерге балалардың құжаттарын қабылдау», «Аз қамтылған отбасы балаларына қала сыртындағы мектептегі лагерлерде демалысты ұсыну», «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды қамтамасыз ету үшін жетім баланың қамқоршысы мен асырап алушысына жәрдемақы тағайындау» (бұрын білім бөлімі қызмет көрсететін). Солардың ішінен бір қызмет ауыстырылды, ол «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды қамтамасыз ету үшін жетім баланың қамқоршысы мен асырап алушысына жәрдемақы тағайындау». ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жыл 13 сәуірде бекітілген №198 бұйрығында көрсетілгендей, қызметті баламалы түрде жергілікті атқарушы орган ХККО не электронды өкімет порталы арқылы көрсетуі мүмкін. Көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы әр тоқсан сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Алматы облысы бойынша департаментіне, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет және ақпараттық технологиялар мониторингі бөліміне айдың 5-інен кешіктірмей хабарлама береді. 5-тармақ бойынша «Кәсіпкерлерге құжатты алу мүмкіндігімен жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау» Ауданда жануарлардан алынған өнімдерді тарататын 4 күнделікті, 1 жексенбілік базар жұмыс істейді. Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ҚР ауылшаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің ШЖҚ-дағы «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-ны базарда жұмыс істейтін ветеринарлық-санитарлық зертханасында талдаманы жасайды. Зертханалық талдаманы ветеринарлық дәрігер бекітуге құқылы. Өнімді таратушының қолына ҚР АШМ-нің 16.01.2015жылғы №7-1/19 бұйрығымен бекітілген шектеусіз өнімді тарату туралы акті беріледі. 6,10,11,15,19,20- тармақ бойынша «БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын,баяндама, дөңгелек үстел, флеш-мобтар өткізу» Аудан әкімшілігімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бағытында мемлекеттік мекеме, саяси партия, қоғамдық өкілдерімен кең ауқымды насихаттау жұмысы ұйымдастырылды. Атаулы Заң мен Бағдарламаны халық арасында насихаттау мақсатымен аудан тұрғындары арасында «Жемқорлық-індет, жою міндет», «Жемқорлық мәселесі-басты тақырып», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресу шаралары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» және тағы басқа тақырыптармен 8 семинар, 7 дөңгелек үстел, 9 кездесу өткізілді. Тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер, студенттер арасында сенім деңгейі және атқарушы органдардың жемқорлығы жайында сауалнама өткізілді. 2016 жылы ішкі саясат бөлімі БАҚ өкілдері арасында «Жемқорлық қоғамға жол жоқ» атты тақрыпта үздік журналистер жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мақала жариялады, үздіктер марапатталды. БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды үгіт жұмыстарын наихаттау үшін 2016 жылы ең үздік журналистер «Іле таңы» газетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы16 мақала жарияланды . 2016 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі» қоғамдық қоры мемлекеттік қызметкерлермен, бюджеттік мекеме қызметкерлерімен, жастармен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кешенді іс-шара өткізді. 7,8,9- тармақ бойынша «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету» Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезекке алыңғандар саны 2015 жылы - 460 адам, 2016 жылдың 1 тоқсанында - 106 адам, 2 тоқсанында – 136 адам, 3 тоқсанында – 118 адам, 4 тоқсанында -95 адам. Аудан әкімінің интернет сайтында осы мәліметтер орналыстырылған. Коммуналдық тұрғын қорынан үй алушылыр кезекке тұру үшін құжаттарды электронды түрде, ХҚКО «Үкімет азаматтар үшін» арқылы жүзеге асырылады. 2015 жылы 35 жетім балаларына – 25 пәтер, 1 пәтер ҰОС ардагеріне, «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде «Самрұқ Қазына» АҚ арқылы пәтердің бағасына келісім беріп, өздерінің төлеуге мүмкіндіктері расталып, кезекте тұрған азаматтарға - 16 пәтер және Өтеген батыр кентіндегі «Қуат» ықшам ауданында орналасқан 50 пәтерлі тұрғын үйден кезекке тұрған азаматтарға – 24 пәтер берілді. 2016 жылдың 14 қыркүйегінде Өтеген батыр кентіндегі алғашқы 50 пәтерлі тұрғын үйден «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша ресми түрде пәтер иелеріне кілт тапсыру рәсімі өткізілді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге бөлгенде ашықтылықты, кезектілікті сақтауды және бақылауды қамтамасыз ету бойынша аудан әкімінің өкімімен тұрғын үй комиссиясы бекітілген. 9–тармақ бойынша «Кондоминиум объектісіне қызмет көрсетеін ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртібін регламенттеу». Аудан бойынша (ПИК) кондоминиум нысандарына қызмет көрсететін 14 мекеме бар, бірақ осы күнге дейін пәтер иелерінің кооперативі құрмаған кондоминиум нысандар және құрылған пәтер иелері кооперативінің құрамына кірмегендер де бар. Жаңа бағдарламалармен танысу мақсатында және кондоминиум нысандарының меңгерушілері мен тұрғындар арасындағы туындаған мәселелер бойынша әр тоқсан сайын КСК төрағаларымен жиналыстар өткізіліп тұрады. 01.11.2016ж. жиналыс аудан прокуроры М.Сарпековтың қатысуымен өткізілді. Кондоминиум нысандарының меңгерушілері әр тоқсан сайын тұрғындарды таныстыру үшін есеп береді, халықтың қаражатын жұмсау тәртібі тұрғындардың жалпы жиналыстарында шешіледі. 12- тармақ бойынша «Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу». Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» заңының жүзеге асырылу мақсатында ауданда қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес ағымдағы жылда 6 отырыс және 17 тыңдалым өткізілді. Тыңдалымдарда аудан әкімдігімен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен білім бөлім бөлімінің басшыларының есептерін тыңдау жоспарлануда. 2016 жылдың 14 желтоқсанында кент және ауылдық округ қоғамдық кеңестерінің төрағалары үшін «Қоғам жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 13 – тармақ бойынша «Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелеріне енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне төзбеушілікте қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту» Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, өскелең ұрпақты еліне адал қызмет атқаруға үгіттеу мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментімен бекітілген Алматы облыстық білім басқармасының бірлескен жоспарына сәйкес аудан мектептерінің 9-11 сыныптары арасында «Мемлекеттік қызмет – халықтың игілігі үшін адал еңбек» атты, 5-8 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбектің бет-бейнесі» атты сурет салу бойынша байқаулар өткізілді. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті ауданаралық басқармасымен бірлесіп Іле ауданы бойынша колледж және мектеп директорларының балабақша меңгерушілердің қатысуымен семинар өткізілді. Орта мектептердің есепшілерімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинар ұйымдастырылып өткізілді. Ауданның білім беру мекемелерінде қаржы жинауға тыйым салу мақсатында 28.09.2016ж. №480 бұйрық шығарылып, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерімен жиналыс өткізілді. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша стендтер орналастырылды. Ауданның 41 мектептерінде және 9 балабақшада 633 бейнебақылаулар орнатылған. Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Құқықтану» пәнінің шеңберінде сағаттар қарастырылған. 14-тармақ бойынша «Аудандағы мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды бөлу кезіндегі кезектің сақталуы мен ашықтығы мәселеріне мониторинг жүргізу» Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында «Мектепке дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) оқыту мекемелеріне жіберу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет түрі тегін халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде кезекте 5157 бала тұр, 1384 бала ауданның балабақшаларына жолдама алды. 17, 18 тармақтар бойынша Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі министрдің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қыркүйегіндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысты барлық мемлекеттік органдар мен бөлімдердің, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының тізімдері бекітілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмысшы топпен аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері өз қызметтерінде басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді оқытылып үйретілді. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады. 19-тармақ бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру «Қазақстан Республикасының 2015 –2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған аймақтақ іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» 2016 жылдың 01 қарашадағы №452 Іле ауданы әкімдігінің қаулысын жүзеге асыру бойынша мәлімет аудандық «Іле таңы» газетіне жариялану үшін жолданды, аудан әкімінің сайтына орналастырылды. 20- тармақ бойынша «Жер учаскелерін бөлуде құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтауға бағытталған іс- шаралар өткізу, сонымен қатар жер учаскелерін бөлудегі фактілер бойынша және (суда пайдалану, автожолдар құрысы, магистральді және қызыл сызықтар)». Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР «Жер туралы» заңнамаларының талаптарына сәйкес жұмысты жүргізуді қамтамасыз ету бақылауға алынды. Аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылыс бөлімдері жоспарға сәйкес «Нұр Отан» партиясы және құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдары өқілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдалымдар, дөңгелек үстелдер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу семинарлары өткізді. Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы облысына 2014 жылдың 19-20 тамызында жұмыс сапарымен келу барысындағы тапсырмасына сәйкес ауылщаруашылық жерлерінің инвентаризациясы жасалып, жалпы аумағы 13411, 2394 гектар жер телімдері, оның ішінде 846,3300 гектар суармалы жер, 12564, 9094 гектар жайылым анықталды. Мемлекеттік меншікке қайтарылатын жерлерді қайтару мақсатында Алматы облысы бойынша жер инспекциясына шара қолдану үшін жерді дұрыс пайдаланбағандар жөнінде 63, айыппұл салынғаны туралы 31 материалдар жіберілді. Елді мекендерде нысандардың құрылысын заң талаптарына сәйкес жүргізу мәселесі аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімінің үнемі бақылауында. Жүйелі түрде кешендер мен құрылыс нысандарына бару және мониторинг жүргізіліп тұрады. Нысан құрылысын жүргізу үшін жер телімдерінің иелері құрылыс жүргізу үшін рұқсат құжаттарын тиісті құзыретті органдардан алуы тиіс. Нәтижесінде, 2016 жылда Алматы облыстық құзыретті органға заңсыз құрылыс жүргізген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 39 материал жолданып, 17 азаматқа айыппұл салынды. Аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімімен жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін Алматы облыстық жер қатынастары инспекциясына 67 материал, олардың 29-на айыппұл ретінде шара көрсетілді. 21-тармақ бойынша «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдасырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процессіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процессін автоматандыру және оларды қарау қорытындыларын Қаржы Министрлігінің интернет-ресурсында жариялау үшін «электронды үкімет» және «электронды мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны ұсыныстар енгізу». Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес бюджеттік әкімшілердің 2016 жылға арналған жылдық жоспарлары www.goszakup.gov.kz. электрондық порталда орналастырылған. Осы порталда аудан бойынша барлық мемлекеттік сатылымдар, келісім-шарттар, сатылымдардың қорытындылары кез келген қатысушыларға қолжетімді.
|
||||
![]() |