БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мақұлдады
 

 
 
 
ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мақұлдады 29.04.2015

ҚР Үкіметі және Ұлттық Банк Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу мақсатында Ұлттық Банктің қаражатынан 130 млрд. теңге болу туралы шешім қабылдады.
Ұлттық Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ты 130 млрд. теңге сомасына үстеме капиталдандырады, ол өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктерде жылдық 2.99%-дық сыйақы мөлшерлемесімен 20 жыл мерзімге депозитерді орналастырады. Бұл қаражатты банктер жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға жібереді:
Бағдарламаның мақсаттары:
- Қарыз алушылардың барынша көп бөлігі үшін ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдету;
- Проблемалық кредиттер деңгейін төмендету;
- Экономиканың долларлану деңгейін төмендету.
Бағдарламаның негізгі өлшемдеріне сәйкес қарыз алушының және оның жұбайының (зайыбының) жалғыз баспанасы кепілге салынған. 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар қайта қаржыландыру жатады.
Қарыздар мынадай талаптармен қайта қаржыландырылады: жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша, валюталық қарыздарды теңгеге конвертациялау, қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту.
Бағдарлама банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын есептен шығаруға дейін жақсартатын талаптар енгізуіне жол береді.
Осы бағдарлама ең алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға: шетел валютасымен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз алған алушыларға: ұлттық валютамен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз алған және мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталады.
Сондай-ақ заңды күшіне енген сол актілері бар ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға жатады.
Қарыздарды қайта қаржыландыру мынадай басымдықпен жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздары ;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздары;
- ипотекалық қарыздар.
Қарыз алушының борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында негізгі борыштың қалдығы қайта қаржыландырылады, бұл ретте қарыз алушының қайта қаржыландырылған қарызы бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер кешіреді.
Шетел валютасында берілген қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы айқындаулы банктер қайта қаржыландыру күніне Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Қайта қаржыландыру күніне заңды күшіне енген сот актісі бар қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы айқындау негізгі борыш сомасы бойынша жүзеге асырылады:
- теңгемен – сот актісіне сәйкес;
- шетел валютасында – сот актісі шыққан күні Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша теңгедегі баламасымен.
Банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қандай да болмасын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төелдерді алуға құқығы жоқ.
Бағдарлама шеңберінде болжаммен алғанда 20000-нан астам қарыз, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын қарыз алушылардың 5000-нан астам қарызы қайта қаржыландырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық Банкіне ҚР Үкіметімен бірлесіп ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөніндегі шаралар кешенің әзірлеуге тапсырғандығын атап өткен жөн.
Ұлттық Банк ұсынған ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөніндегу шаралар:
- Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің 2015 жылғы 4 наурыздағы отырысында:
- ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның 2015 жылғы 18 наурыздағы отырыстарында назарға алынды.
ҚРҰБ Төрағасының 2015 жылғы 16 наурыздағы №130 бұйрығымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайтақаржыландыру бағдарламасымен (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу жөніндегі вдеомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмы тобы) құрылды. Жұмыс тобының құрамына ҚРҰБ орталық аппаратының, ҚР Бас прокуратурасының, Алматы қаласы прокуратурасының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Алматы қаласы Әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясының, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың алты қоғамдық ұйымның, Микроэкономикалық зерттеулер орталығының «ҚҚҚ» ЗТБ-ның өкілдері және Банк омбудсманы кірді.
2015 жылғы 19 наурызда, 2015 жылғы 30 наурызда және 2015 жылғы 8 сәуірде Ұлттық Банкте Жұмыс тобының отырыстары өтті, олардың қорытындысы бойынша Бағдарламаның жобасы мақұлданды.
2015 жылғы 10 сәуірде Бағдарлама Ұлттық Банктің Директорлар кенесінде мақұлданды.