БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі > ҚҰЖАТ

 
 
 
 Аудан тұрғындарына хабарлама  

Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы халық арасында үй жағдайында тұмшаланып, бұқтырылып жасалған тағам өнімдерін, тез бұзылатын тағам түрлерін қолдану кезде тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын -алу мақсаты бойынша ескертіп төмендегідей талаптарды орындауды ұсынады:
1.Базарлардан, жеке тұлғалардан консерві өнімдерін, шұжық, ысталған балық, крем қосылған кондитер өнімдерін, үй жағдайында жасалған салат өнімдерін сатып алмау.
2.Консерві өнімдерін қолданар алдында мұқиат қарап, күмпиген (бомбаж) банкадағыны қолданбау,үй жағдайында жасалған консерві өнімдерін қосымша термиялық өңдеуден өткізу.
3.Құрметті тұтынушылар сауда нысандарынан тағам өнімдерін сатып алған кезде өнімнің өндірілген күніне,сақтау мерзіміне, сақталуына қатаң көңіл бөліңіздер. Мереке алдында мереке күндеріне арналған мәзірді дұрыс таңдаңыздар. Егерде тағам өнімінің сапасына күмәндәнсаңыз оның сапасына,қауіпсіздігіне кепілдік беретін құжаттарын сұрауға ұялмаңыздар. Денсаулық зор-байлық, ауырудың алдын-алу туралы ескерту,оны емдегенше. Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтасаңыздар, сіздер өздеріңізді, туыстарыңызды тағамнан уланудан сақтайсыздар. «Сақтағанды құдай сақтайды».