БАСТЫ 

 
 
 
Іле ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілердің немесе ауылшаркооперативтеріне
НАЗАРЫНА !!!
27.07.2017

         

        

     «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы) 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігінің қаулысымен «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» 2017 жылы 12 шілдесінде № 291 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 25 шілдесінде № 4282 тіркелген) бекітілді.

   

       Субсидиялар алушылар:

      Гербицидтерді ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алуға кеткен шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді жүзеге асыратын және талаптарына сай келетін ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге.

 

Субсидияларды алу шарттары:

      Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1)    Ауылшаруашылық тауарөндірушілері немесе ауылшаркооперативтері Іле ауданының  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына  2017 жылдың 01тамыз айынан бастап 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға өтінімдерді  қабылданады.

2)    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (учаскелерінің) болуы.

 

      Қосымша ақпаратты Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімінен алуға болады. Мекен-жайы: Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі №8, аудандық әкімшілігі, 1 қабат, № 106 кабинет, тел: 8 (72 752) 2 27 90, 8 (72 752) 2 33 63.

 

 

                                  «Іле ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі