БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Хабарландыру 24.01.2019

 

«Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігінің 2017 жылы 13 желтоқсанында №619 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» сәйкес М.Түймебаев ауылындағы «№20 орта мектебі»МКМ, Өтеген батыр ауылындағы «№1Балалар музыкалық мектебі» МКҚМ-нің басшыларының орынына  Конкурс  жариялайды.

Қысқаша мәлімет: Өтеген батыр ауылындағы «№1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚМ-сі бойынша қысқаша мәлімет:  Мектептің жобалық қуаты – 200 орын. Мектепте жалпы бала саны – 192. Мұғалiмдер саны – 24. Жоғары білімді - 17, арнаулы орта-7. Жоғары санатты - 2, 1 санатты - 8, 2 санатты – 6, санаты жоқ - 8. Мектептегі сынып бөлімдерінің саны – 5 (фортепиано; халық аспаптар – домбыра, жетіген, гитара, аккордеон; скрипка; вокал – хореография, актерлік шеберлік; бейнелеу өнері), Мектептегі сынып бөлмелерінің саны – 11.

Қысқаша мәлімет: М.Түймебаев ауылы «№20 орта мекеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Мектеп сыймдылығы 900 орын, жалпы көлемі 7781,3 шаршы метр, қолдануға берілген жылы 2013 жыл, ауысым саны - 3, 1 ауысымда-1128, 2 ауысым -1193, 3 ауысым -458, мұғалім саны-181,  жоғары білімді -166, арнаулы орта -15, жоғары санатты- 19 мұғалім, 1 санатты-39, 2 санатты-68, санатсыз- 55 мұғалім, педагог зерттеуші- 6, педагог сарапшы -18 , педагог модератор-3. Жалпы оқушы саны 2564,  1-4  сынып 1298, 5-9 сынып -1098, 10-11 сынып-168. Мектеп асханасы 300 орын, 100 % құрылғылармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны -44+5 қосалқы, зерханалық кабинеттер -4, информатика кабинеті-2, интербелсенді тақта -7, компьютер саны -123, барлығы интернетке қосылған, барлық кабинет жиһаздармен жабдықталған,  жылу құрылғысы  автономды  (газ).

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері:Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесеолардыалмастырушыадамдармен) байланыстыжүзегеасырады. Мемлекеттікжәнебасқа да ұйымдардабілім беру ұйымыныңатынанөкілдікетеді, қажеттіесепқұжаттарындайындау мен ұсынудықамтамасызетеді. Компьютерліксауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялыққұзіреттіліктімеңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық жалақы мөлшері 87069 теңге.

Конкурсқа қатысу бойынша өтінім пен керекті құжаттар 2019 жылдың 6 ақпанына дейін «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.                жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;

2.                педагогикалық  жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

3.                бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

4.                «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5.                соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Анықтама бойынша 8(72752)29870 телефон нөмірі арқылы немесе iliguoo@mail.ruэлектондық пошта арқылы кадрлық сұрақтарға жауап беретін  қызметкеріне  хабарласуға  болады.