БАСТЫ > ХАБАРЛАМАЛАР ТАҚТАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары 20.03.2019

 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары.

Сіздерді «Ұлыстың ұлы күні – наурыз» мейрамына арналған мерекелік шараға шақырамыз.

Онда аудан тарапынан ұйымдастырылған мәдени көрме, ұлттық және спорттық ойындар, аудан қолөнершілері мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі және мерекелік көңіл-күй күтеді.

Ұлы даланың 7 қыры аясындағы атқа міну мәдениеті мен қатар аңшылық өнер насихатталады.

Мерекелік кешке қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Абай Бегей, Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар, Есет Сәдуақасов, Ербол Құдайбергенов, Қанат Досан және тағы басқа аудан өнерпаздары қатысады.

Ең бастысы, аудан тұрғындары мен қонақтарына 4000 литр наурыз көже мен дәмі тіл үйірер тәтті палау әзірленеді.

Келіңіздер, көріңіздер!

Шара 22 наурыз, сағат 09.30да орталық стадионда өтеді.