БАСТЫ > 

 
 
Жас мамандарға әлеуметтік қолдау 14.10.2019

   

1.     

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді. 

ҚР Президенті өзінің «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында ерекше назар аударған: «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі».

«Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі ауылдық елді  мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіпті кешенді саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді, оның ішінде - көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит.

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 2005  жылғы   8 шілдедегі  7 баптың 4 бөлігі 8 тармағына, (бұдан әрі - Заң), Қазақстан  Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес, сонымен қатар 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6-шы қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидасының» негізінде іске асырылады.

Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба елімізде 2009 жылдан бастау алып, бүгінгі күні ауыл-аймақтарды, шалғай орналасқан өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып келеді. Кадр тапшылығы деген мәселені шешуге зор үлесін қосуда. Жобаның талаптары мен шарттары: «Дипломмен ауылға» жобасы жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік  қолдау  шаралары  ұсынылған  маман  ауылдық елдімекенде кемінде үш

жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. 
         Бағдарлама  басталғалы  бері  ауданымызға   әлеуметтік сала  бойынша   жастар көптеп   тартылған.   Бүгінде  осы   бағдарламаны  тиімді   пайдалана  білген,    оның арқасында  жұмысқа  орналасып  баспаналы  болған    жас  мамандарға   мемлекеттік бағдарлама   стимул    болып   келеді.   2009 - 2019   жылдар    аралығында    көтерме жәрдемақы алған мамандардың саны - 640, жалпы сомасы – 83,076 мың теңге. Оның ішінде: 421 маман білім беру саласынан, жалпы сомасы – 55 719,0 мың теңге; 199 маман денсаулық сақтау саласынан, жалпы сомасы – 24 724,3 мың теңге; 3 маман әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, жалпы сомасы – 294,7 мың теңге; 6 маман мәдениет саласынан, жалпы сомасы – 653,7 мың теңге; 1 маман спорт саласынан, жалпы сомасы – 168,4 мың теңге; 9 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан, жалпы сомасы – 1 515,7 мың теңге.

2011-2019 жылдар аралығында тұрғын - үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған мамандардың саны – 244, жалпы сомасы – 745,028 мың теңге. Оның ішінде: 162 маман білім беру саласынан, жалпы сомасы – 492 466,7 мың теңге; 75 маман денсаулық сақтау саласынан, жалпы сомасы – 231 618,5 мың теңге; 1 маман әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, жалпы сомасы – 2 427,0 мың теңге; 3 маман мәдениет саласынан, жалпы сомасы – 7 939,5 мың теңге; 1 маман спорт саласынан, жалпы сомасы – 3 607,5 мың теңге; 2 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан, жалпы сомасы – 6 969,0 мың теңге.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге орай, жоғарғы оқу орнын жаңа бітіріп, дипломы бар жастар үшін бірінші кезекте «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының көрсетер көмегі зор екені анық.

          Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Осы орайда  біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, гүлденген ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан көреміз.


 

          Іле ауданынының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы                                                          Г. Естеусізова