БАСТЫ 

 
 
 
 ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ 13.10.2016

   

      

     2016 жылы 24 қазан күні Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің тыңдалымы өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

1.   Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік - құқықтық актісінің жобасын жария талқылау: Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын талқылау.

2.   Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы шешім жобасын талқылау.

3.   Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы шешім жобасын талқылау.

4.   Жетіген ауылдық округіндегі Жетіген, Құйған, Жаңа арна ауылдарындағы атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру туралы шешім жобасын талқылау.

5.   Іле ауданы бойынша мемлекеттік жалдау үйлеріне жалдау ақысының мөлшерін бекіту туралы шешім жобасын талқылау.

6.   Өзге де мәселелер.

       Басталу уақыты  сағат: 15.00 де, өткізілетін орны Өтеген батыр кенті, З.Батталханов көшесі, № 8. Аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залы (101 бөлме).