БАСТЫ > 

 
 
Ең үздік бизнес-жоба 13.05.2019

 

Ойы ұшқыр, талпынысы ерек аз қамтылған немесе толық емес отбасынан шыққан қыз балаларды қолдау мақсатында, «AlmaU» универсетиті және журналист Жанна Ахметова «Ең үздік бизнес-жоба» тақырыбында байқау жариялайды. Байқау ең үздік деп танылған екі жоба жеңімпазына аталған оқу орнынан 4 жылға грант тағайындайды. 
Байқау шарты: «Үздік бизнес- жоба» ұсыну. Яғни, Бизнес жоспар.Ұсынған өнімнің сипттамасы,сыртқы келбеті, қаптамысының жобасы. Өнімді қалай бәсекеге қабілетті етуге болады. Іске асыру жолдары. Өтемақысы. Алғашқы кезеңде инвестициялауға қанша ақша қажет. Өніміңіз қандай пайда әкеледі, қоғамға, адам пайдасына қаншалықты қажет?
Жұмыс Power Point-тегі презентация түрінде жасалып, arynbekovaz@mail.ru электрондық поштаға жолдануы керек. Жұмыстың тақырыбы, білімгердің аты-жөні, оқу орны,сыныбы,байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі қажет.
Конкурс жұмыстары сәуір айының 19-ы басталып, мамыр айының 16 дейін қабылданады.
Толық ақпарат : (жоба ұйымдастырушысы Жанна Ахметова) немесе +77021172236 (Өңірлік коммуникациялар қызметі мекемесінің директоры Жанна Арынбекова)